Жоғары

"Кітап - білімнің қайнар көзі" атты библиокэшинг.

 Елімізде 23 сәуір - Халықаралық кітап күні мерекесі. Аталмыш мерекеге орай, жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, кітапхана қорындағы көркем әдебиеттерді аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Кітап - білімнің қайнар көзі" атты библиокэшинг шарасы өтті. Аталмыш шара кітапхана алаңында "Мен кітапты сүйемін" стелласының маңында өтті. Шараға студенттер мен оқушылар және " Дарынды жастар" шығармашылық клубының мүшелері қатысты. Кітапхана басшысы Нурпеисова М.С. оқырмандарды кітап күнімен құттықтады. Ән шырқалып, қатысушылар 3 топқа бөлініп, интелектуалдық ойындарға қатысып, қатысқан оқырмандарға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталып, жеңімпаз топқа қаржылай сыйлықтар

табысталды.

 

      


Келулердің саны: 586