Жоғары

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы

29 сәуір күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты аудандық конференция өтті. Конференция шымылдығы «Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі» атты көрініспен ашылды. Конференция барысында «Шет аудандық кітапханалар жүйесінің» директоры Н.М.Сансызбайқызы сөз сөйлеп, конференцияға қатысушы баяндамашыларға сәттілік тіледі. Шарада Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары және ауылдық, кенттік кітапханашылар Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне, шығармашылығына байланысты баяндамалар оқыды. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары, Шет Агротехникалық колледжінің студенттері «Дарынды жастар» клубының мүшелері Ахмет өлеңдерінен жыр шашуларын арнады. Конференцияда «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында конференцияға қатысушылар «Диплом» және «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

     


Келулердің саны: 520