Жоғары

15 мамыр – халықаралық отбасы күні

Бүгін 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, аудан әкімі жанындағы аналар кеңесі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Берік отбасы – мемлекет тірегі» атты сыр – сұхбат кеші өтті. Аталмыш шараға отасқандарына 40 жылға жуықтаған құқық қорғау саласының ардагері Қызыловтар, бір шаңырақ астында жарты ғасырдан астам ғұмыр кешкен Балтабековтер және ерлі – зайыпты жас дәрігерлер Досмахановтар отбасы мен ардагер ұстаздар,арнайы полиция бөлімінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары және кітапханының тұрақты оқырмандары қатысты. Тағылымды шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Б.Көпбаев ашып жүргізіп, құттықтау сөз кезегінде мәдениет қайраткері, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөнінде комиссия хатшысы, қоғамдық кеңес мүшесі, аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова « Жалпы бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту, баланы қорғау және тұрмыстық зорлық – зомбылықтың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша нормативтік – құқықтық базасы құрылғандығын, ал, негізгі қағидаттар мен тәсілдер Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдасында көрсетілгендігін айтып, жүрекжарды лебізін білдірді. Іс – шара барысында сұрақтар койылып, сергіту сәті ойыны өтті. Отбасы күніне арналған бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ тұрақты оқырманымыз, ауыл ақсақалы, ақын Рашитов Амантай, Мәдениет үйінің қызметкері С.Аманай, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп оқушысы З.Нәрік әдемі әндерін орындап көпшіліктің қошеметіне ие болса, медицина саласының ардагері, ауыл ақсақалы А.Сүлейменов баянмен ән орындап кештің көркін кіргізді. Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Б.Амангельдинов оқырмандарды мерекемен құттықтап, қатысушы оқырмандарға алғысын білдірді. Сонымен бірге Гүлшара Қамиқызы отбасы мүшелеріне аудан әкімі М.Мұхтаровтың құттықтау хатымен гүл шоқтарын табыстаса, жанұяларды қолдауға келген әріптестері мен туысқандары естелік сыйлықтарын тарту етті.
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 989