Жоғары

"21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні"

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР! "21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні"мерекесіне орай, ән мен күйді қатар ұстанып, сазды әуендерімен тыңдарманын баурай білген ауданымыздағы С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұлағатты ұстазы Қ.Мұстафинмен сүбелі сұхбат өтті. Кеш қонағын кітапхана қызметкерлері Қ.Мұстафинның әкесін өлкемізге белгілі тұлға, дәулескер күйші, белгілі әртіс Е.Мұстафиннің туғанына 105жыл толуымен құттықтады. Сұхбат барысында Қ.Мұстафинның бала күнгі арманы мен бүгінгі арманының дөп келуі біздерді үлкен мақсатқа жетелегендей болды. Қонағымызға қазіргі күй өнері төңірегінде сұрақтар қойылып,біздің қазақы дәстүрлі әндер неге насихатталмай жатқандығы сұралып, оларға мардымды жауаптар алынды. Сөз соңында кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, алтын уақытын арнайы бөліп келген ұстазға деген құрметпен кітапхана ұжымының атынан иығына шапан жабылды.

 

                                                        

 

 

 

 


Келулердің саны: 881