Жоғары

Білімді ұрпақ - ел ертеңі

Білімді ұрпақ - ел ертеңі

"Адам кітап оқуды қойған күні - ойлауды да қояды" депті Дидро есімді данышпан. Ал, кітапхана тек кітап беретін орын ғана емес, түрлі қоғамдық шараның да ұйытқысы. Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен жасөспірімдермен жұмыс істеуде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлесе өткізген «Құқық - әділет пен парасат жолы» сторителинг шарасы сөзімізге дәлел.

Шара «Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет» атты бейнеслайд көрсетіліп, ашылды.
Кітапхана оқырмандары, жасыл ел сарбаздары "Құқық, заң бұзушылық деген не?", "Оның жолдарын қалай тоқтатады?" деген сияқты көкейінде көкірегін кеміріп жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Бұдан бөлек, "Заң, тәртіп, құқық туралы мақал-мәтелдерді қалай түсінесің?" тақырыптарында ой бөлісті.
Шет аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Ж.Лажимов және ЖПҚБ учаскелік полиция аға инспекторы, кіші лейтенат А.Есқалиев жасөспірімдерге осы бағытта ақыл- кеңесін айтып, құқық бұзушылықтың түрлерінен сақ болуды түсіндірді және өз құқығын біліп жүруге үндеді.
Тағылымды шарадан жас буынның көп нәрсе біліп, көкірегіне түйіп қайтқаны анық.
Жаңа Қазақстанның ертеңіне ие болатын өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беріп, білімді әрі саналы етіп өсіру - ортақ парыз.

 


Келулердің саны: 174