БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ!
Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана жұмысының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру әрі өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткен аталмыш шараға ауыл,кент кітапханашылары қатысып, семинар барысын кітапхана директоры М.Нурпейсова ашып,жүргізді. Семинар барысында әдістеме бөлімінің меңгерушісі Д.Жолдыбекова «Кітапхана жұмысының өзекті мәселелері» атты баяндама жасады. Сонымен қатар, кітапхананың жүйе технигі Д.Байдалин кенттік,ауылдық кітапханалардың әлеуметтік желілеріне (инстаграм,сайт,ВИКС сайты) мониторинг жүргізіп, WIX сайтымен жұмыс жасауға арналған әдістемелік көмекші құрал таратса, кітапхана бағдарламалаушысы Ә.Өтеген «Кахут» викторинасының жасалу жолдары туралы түсіндірді.
Сондай - ақ, әдістеме бөлімінің әдіскері Г.Ермекбаева республикалық «Оқитын ұлт» жобасы туралы пайдалы ақпаратымен бөлісіп, оқу залының кітапханашылары А.Аубакирова мен Г.Мұхтарова «Өлкені таны да, біл» тақырыбы аясында әдеби конверт атты шеберлік сағатын өткізді. Әдістеме бөлімінің әдіскері А.Төлеуова "Тіл - ұлттың жаны" атты квест ойын ойнытты. Ал ауданға қарасты Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханашылары А.Ибрайбекова мен Н.Кенжешова үйірме жұмысынан «Планшет саусақ театры» атауында әр түрлі ертегілерден қойылым көрсетті. Семинар сонында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Аманжолов кітапханашылармен ауылдық елді мекендерде туындап отырған өзекті мәселелер туралы сұрап, емін - еркін форматта сұрақ жауап алмасты.Өздеріне қажетті мәліметтерді алып, озық тәсілдерге тереңдей түскен семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре тарасты.









