Жоғары

«Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек күні орталық кітапхананың оқу залында Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, Тілдер мерекесіне арналған «Бір ел бір кітап акциясы» аясында​ ​ «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында ақпараттық сағат ​ өткізілді. Іс шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушылары, ұстаз Рашитова Жанна Елеуқызы және Ж. Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында экраннан «Тұғыры биік тұлға» атты виртуалды кітап көрмесі, «Қазақ әдебиетінің ұстазы», «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмелері ​ оқырман назарына ұсынылды. Іс шараға келген оқушылар ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. ​ Дара тұлғаның шығармашылығы мен еңбектеріне Ұстаз Ж. Елеуқызы мазмұнды баяндама жасады. ​ А. Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған «Бізден сұрақ сізден жауап» атты викториналық ойын ойнатылды. Кеш соңында келген оқырмандарымыз өзара ой бөлісіп естелік суретке түсті.

                

               

                

                

                

                

 


Келулердің саны: 439