Жоғары

Семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткен аталмыш шараға, ауыл, кент кітапханашылары қатысып, семинар барысын кітапхана директоры М.Нурпеисова ашып жүргізді. Күн тәртібінде: - 2022 жылдың 12 қазанға дейін ауылдық, кенттік кітапханалардың жоспарларын тапсыру; 2023 жылға жоспарға «Кітап – time -2023» енгізу; іштегі тәртіптік жағдай, 8 сағаттық жұмыс орнында табылу; кітап көрмесінің дұрыс ұйымдастыруын қадағалау талқыланды. Семинар барысында ОКЖ директорының орынбасары «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты баяндама жасады. Сонымен қатар, кітапхананың әдіскері А.Төлеуова «Кітапханашының өзін ұстау және сөйлеу мәдениеті» атты миға шабуыл шеберлік сыныбын кітапханашылармен ұйымдастырып, қосымша әдістемелік құрал таратылды. Ақадыр кенттік кітапханашысы Н.Байдарова «Менің оқыған кітабым» атты букслэм көрсетті. Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Г.Мұхтарова «Үйренейік, ізденейік жас маман» атты тимбилдинг жүргізді. Кеншоқы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Бейсенбекова «Жас маман, алға бас қадам» атты квест іс-шарасын кітапханашылармен жүргізді. Аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары А.Қойшыбаева, Д.Кемелбай «Кітап кәмпиттері» атты жарнамалық акция жүргізді. Ақжал кенттік кітапханасының кітапханашысы А.Төлеу «Кітап құдіретті қару» атты әдеби кеш ақпартпен бөлісіп, Талды ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Әсет «Ахмет Байтұрсынұлы – халық ұстазы» атты тренинг жас мамандармен өткізді. Аудандық орталық кітапхананың библиография бөлімінің библиографы Н.Абенова «Кітапханадағы библиография бағытындағы жұмыстар» атты библиография кеңес берді. Семинар соңында М.Нурпеисова кітапханашылармен ойларын ортаға салып, келесі семинар қазан айында өтетінін хабарлады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтып,бір-бірлерінен қажетті мәлімет алып тарасты.

 

 


Келулердің саны: 1128