Жоғары

«Ел ырысы - нұрлы Нұра»

  Қыркүйектің 23 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде Орджиникидзе атындағы колхоздың құрылғанына 90 жыл және совхоз болып құрылғанына 60 жыл толуына орай, Шет ауданының Құрметті азаматы, ҚР ауылшаруашылық саласының Құрметті ардагері Жұмкин Боранбай Исатайұлының жинақтап, құрастыруымен «Ел ырысы - нұрлы Нұра» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға аудандық орталық кітапхана ұйымдастырумен «Келешегі кемел Шет өңірінің сырлы шежіресі» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесінде Шет өлкесінің шежіресінен сыр шерткен тұғыры биік тұлғалар , өмірі өлеңінде өрнектелген ақындар, қарымды қаламгер жазушылардың еңбектері орналастырылды.

 


Келулердің саны: 622