Жоғары

25 қазан Республика күні

25 қазан Республика күніңе орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз қазақ елінің шежіресі» тақырыбында Агротехникалық колледж студенттерінің қатысуымен тарихи альманах кеші өтті. Кеш барысында «Тәуелсіздік – ұрпақтар мақтанышы» тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. «Тәуелсіздік және ұлттық мемлекет» атты слайд көрсетіліп, сиқырлы сандық ішінен Республикаға байланысты сұрақтар жасырылды. QR код арқылы оқырмандарға әдебиеттер насихатталды.

 

 

 


Келулердің саны: 718