Жоғары

«KITAP – FEST. KITAPHANASHY – BEST»

KITAP – FEST KITAPHANASHY – BEST»  АТТЫ КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ!
   Биыл ел Үкіметінің Қаулысымен 24 қазан – Кітапханашылар күні кәсіби мерекесі болып белгіленді. Осыған орай, жуырда аудандық мәдениет үйінде «KITAP – FEST KITAPHANASHY – BEST» атты ІІ дәстүрлі аудандық кітапханашылар фестивалі өтті. Айтулы шара биылғы  балалар жылы мен заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына – 125 жыл, алаш қайраткері, ғибратты ғалым, А.Байтұрсынұлының 150, «Еңбек ері», халық жазушысы М.Шахановқа 80 жас, бұлбұл әнші Р.Бағланованың, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Х.Доспанова мен халық қаһарманы М.Мәметованың дүниеге келгеніне 100 жыл толған мерейтойларын қамтыды. Іс-шараға аудан кітапханасына қарасты барлық ауыл, кент кітапханашылары мен сала ардагерлері, әкімдік өкілдері мен мекеме қызметкерлері, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.


Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы кітапханашыларды биылғы жылы тұңғыш рет атап өтілген кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін арнап, марапаттау рәсімін өткізді. Атап айтқанда, облыс әкімінің Алғыс хатымен аудандық орталық кітапхананың библиография бөлімінің дерекқор әкімшісі С.Аликулова, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» Нұраталды ауылының кітапханашысы Ж. Сағындық, Ақадыр кенттік Сәкен Сейфуллин атындағы көпшілік кітапханасының меңгерушісі Б.Мұқашева, аудандық орталық кітапхананың библиография бөлімінің библиографы Н.Балдақова марапаталса, аудан әкімінің Алғыс хатына аудандық орталық кітапхананың әдістеме бөлімінің әдіскері Ә.Төлеуова, Батық ауылының кітапханашысы Ж.Жылқышы, аудандық орталық кітапхананың әдістеме бөлімінің әдіскері Г.Ермекбаева ие болды.


Осыдан кейін, талантты әнші А.Құттыбай «Рухтастар» әнін шырқап, жиылған жұртқа мерекелік көңіл күй сыйласа, ән әуенімен кітапхананың жас оқырмандары кітапханашыларға ұйымдастырушылар дайындаған гүл шоқтарын және ардагер кітапханашылар Г.Ахметова мен Ш.Ахметоваларға естелік сыйлықтарды табыстады.


Сонымен бірге, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен аудандық бөлім атынан марапаттарды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ахмедия тапсырды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен аудандық орталық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Д.Жолдыбекова, Ақшатау кентінің кітапханашысы Б.Апеева марапатталса, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты аудандық орталық кітапхананың әдістеме бөлімінің әдіскері А.Төлеукенова мен Бұрма ауылының кітапханашысы С.Алпысбаеваға бұйырды. Шет ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Б.Шидербекова мен Өспен ауылының кітапханашысы Г.Төлеуқулова және аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Сезімхан, Қызылқой ауылының кітапханашысы А.Сауғабековаларға табысталса, Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хатымен Босаға ауылының кітапханашысы  З.Букирова, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Г.Мұхтарова, Ақжал кентінің кітапханашылары А.Төлеу мен М.Сәулебековалар марапатталды.

 


Марапаттау рәсімінен соң, «Сыған серенадасы» әнін Нұрбек Шабанов әуелетсе, «Махаббатпен ойнама сен» әнін болашағынан үміт күттіретін талантты әнші Мәрден Тұрсынбай тамылжыта шырқады.

 

Фестивальдің өнермен өрілген бөлігін жас оқырмандар көркем биімен әрледі. Атап айтсақ, «Кәусар»  би тобы «Бипылайды» билесе, аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері А.Нұрахметов пен А.Төлеуғазы Мұхтар Шерімнің «Махаббат диалогы» көрінісін қойып, Батық ауылының кітапханашысы Ж.Жылқышы  «Атамекен» әнін орындады. Сондай – ақ, шырайлы шарада аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры  А.Ахметтовтың орындауында  «Сырғалым» әні әуелесе, Балалар жылына орай, аудандық балалар кітапханасының «Күлше қыз күзгі бал кешінде» көрінісі де сәтті шықты.

 


Биыл жоғарыда жазып өткеніміздей ел басына күн туғанда ерлермен қатар иық тірестіріп, майдан даласында қаракөз қазақ қыздарының асқақ рухын көрсете білген халқымыздың біртуар бұлбұл әншісі Р.Бағланова, ерліктері аңызға айналған атақты пулеметші М. Маметова мен жауынгер ұшқыш Х.Доспанованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, Ақадыр, Төменгі Қайрақты, Тағылы, Қызылқой кітапханашылары сахыналық көріністерді көрермен  назарына ұсынса, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметованың ерлігін Нұраталды ауылдық кітапханасының  «Ержүрек, қайсар қызы қазақтың» атты көрінісі арқылы көрсете білді.

Тағы бір айта кетерлігі, сахынада кітапханашылар әр түрлі бүйымдардан дайындаған сән киімдерін «Күзгі дефиле» атауында көрсетіп, күз ханзадасы мен ханшайымы бастап шыққан аталмыш сәндік киімдер көрермен көзайымына айналды.

Ал, «Кәусар» бишілер тобы орындаған «Испан биі жұртты таң қалдырып, қызу қошеметке ие болды.

Фестивальдің қорытындысында аудандық орталық кітапхана директоры М. Нурпеисова сөз сөйлеп, барша қатысушылар мен көрермен қауымға ризашылығын жеткізді. Сонымен бірге, биылғы жылғы жұмыс нәтижелері бойынша бірқатар кітапханашыларға түрлі номинациялар мен бағалы естелік сыйлықтарды табыстады.Тарқатып айтқанда, «Креативті кітапханашы – 2022» номинациясын Төменгі Қайрақты ауылының кітапханашысы Н.Кенжешова, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы Төменгі Қайрақты ауылының кітапханашысы А.Ибрайбекова мен Тағылы ауылының кітапханашысы Н.Омарбековаларға бұйырды. Ал, «Жан-жақты кітапханашы» номинациясы С.Сейфуллин кентінің кітапханашылары А.Абеуова мен А.Иксановалардың еншісіне тиді.
«Үздік клипмейкер» номинациясымен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Исатаева, «Үздік ауыл кітапханашысы» номинациясымен Красная Поляна ауылының кітапханашысы Н.Сейілбекова, «Жыл кітапханашысы – 2022» номинациясымен Ақой ауылының кітапханашысы Ш.Ахметбекова марапатталды.


Мәртебесі биік мерекелік шарада кітапханашылар бірігіп «Кітапханашылар гимнің» «Армандастар, құрдастар» әнінің өзгертілген мәтіндегі хормен орындап, шараны аяқтады. Кітапханашылардың еліміздің мәдениеті мен руханиятын, өнерін дамытуда, кітап оқуға баулуда еңбегі ұшан-теңіз. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, жыл сайын осындай құрметті мамандық иелерінің мәртебесі де көтеріліп келеді. Осы бір кітапханашылар ұлықталған көркем кеште осыған анық көз жеткіздік. 

 

 

 


Келулердің саны: 780