Жоғары

Зарубай Сүйіндікұлы

Өркенді елдің өлшеміне айналған, шежіреге толы Шет өнірінің арғы-бергі тарихына бойлай еніп, қалам қарымымен мәйекті мәдениетімізге үлес қосқан сазгер, ақын, күйші ауданымыздың белгілі тұлғасы Зәрубай Сүйіндікұлына арналған «Өнер өріндегі тұлға» атты әдеби вернисаж кеші өтті.
Кеш қонағымызға арнайы қатысқан ағамыздың жары, зейнеткер ұстаз Ақыл Рақымжанқызы келіп, Зәрубай ағамыз жайлы деректермен бөлісті.
Кеш қонақтарына Зәрубай ағамыздың өмірі жайлы мағұлматтар айтылып, экраннан ағамыздың өмірі мен шығармашылықтары жайлы бейне баян көрсетілді. Кітапханашымыз Медеубекова Алтынай ағамызға арналған «Күймен даланы тербеткен» атты кітап көрмесімен таныстырып көрме сөресіне ағамыздың алғыс хаттары, диплом, мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалары, буклеттер, папкалары қойылды.


Келулердің саны: 483