Биылғы жылы ұлт зиялысы, ғибратты ғалым, жазушы, компазитор, өнертанушы Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай, «Арқа даласы – Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби марафон аясында Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасында буктрейлер байқауы өткен болатын. Байқауға қазаналы Қарағанды аймағындағы кітапханалардан барлығы 33 жоба ұсынылды. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің шешімімен ауданымыздағы орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Исатаева мен кітапханашы Б.Көпбаев дайындаған «Тауға біткен жалбыз» буктрейлері бас жүлде мен 200 мың теңгенің қаржылай сертификатын, ал, аудан кітапханасының бағдарламаушысы Д.Байдалин мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Медеубековалар дайындаған «Рамазан мерген» буктрейлері жүлделі ІІ орын мен 100 мың теңгенің сертификатына ие болып қайтты. Ал, кітапханашылармыз Г.Ермекбаева мен А.Аубакирова «Қақпаншы» және бағдарламаушы Ә. Өтеген мен кітапханашы А.Толеуова «Соңар» әңгімелеріне жасалған буктрейлер бойынша сертификаттарға ие болды. Осы орайда, жоғары жетістіктерге қол жеткізген әріптестерімізді құттықтай отыра, кітапханашы мамандардың жаңа әдіс – тәсілдерге жетелейтін мән – маңызы зор шараны ұйымдастырушы облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхана ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Келулердің саны: 1093