Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, филолог-ғалым, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сөз өнерінің шебері» тақырыбында әдеби регата өтті. Іс шараға Ж.Ақылбаев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының 6-7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқырмандарға З. Қабдоловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат беріліп «Қарымды жазушы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Келген оқырмандарымызбен әр түрлі интелектуалды ойындар ойнатылды.
Келулердің саны: 2975