“Халқың қандай?”- десең, салтыңнан сынап біл.
“Өзің қандай?” – десең, халқыңнан сұрап біл -дегендей кітапхананың адамды тәрбиелеуде орны ерекше.
“Қыран – түлегіне қайыспас қайрат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды”- деп парасатты бағдарламасын алға тартса, кітапханашы оқырманына “Тәтті жеміс бұтақта,құттың құты кітапта” – деген нақыл сөзді алға тартады. Аталарымыздың асыл дәстүр-салтын, бабалар парасатын осы кітап арқылы сусындатудамыз. Өткен замандарда жасаған ақылмандардың бізге қалдырған ой-парасат мирасы мол.
Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ салса адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне жетеді. Осы даналардың өсиетін насихаттау кітапхана саласына қатысты.
Тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. “Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, зерделінің ақылы – сайрап жатқан жолмен тең” – деген нақылды кітапхана қызметкерлері берік ұстанып, өз оқырмандарына дұрыс бағыт, саналы тәрбие ретінде ұсынады. Әр оқырманның ой-санасына, талғамына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі бөбектен бастап еңкейген қарттарға дейін еңбек етесің. Кітапханамызға келген әр оқырман өз қылығымен, сүйкімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.
Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар Сіздерді кітапхана оқырманы болуға шақырады.
Кітапхананың жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі — жұма күндері, сағ.: 9:00 – 18:30.
Үзіліс уақыты: 13:00 – 14:30
Демалыс: Сенбі, Жексенбі
Әр айдың соңғы күні — тазалық күні
Электрондық поштамыз: shet.library@mail.ru
Тел.: 21-0-93, факс: +7(710-31)21-9-04
Келіңіздер, күтеміз!
Кітапхананы пайдалану ережесі
Кітапханада Абонемент және Оқу залына жазылуға болады. Кітапханаға жазылу барысында: Кітапхананың пайдалану ережесімен танысу, оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсету міндетті. Кітапхана оқырманы оқырман формулярына қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді. Оқырман формуляры -оқырманның кітапханадан үйге алғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат. Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапахана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс.
Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.
Келулердің саны: 973842
«Қайырымдылық марафоны»
02.03.2023
Шет аудандық орталық кітапхананың «Қайырымдылық марафоны» акциясы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай аудан тұрғыны,…
1 наурыз мерекелі Алғыс айту күні
01.03.2023
Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы1 наурыз мерекелі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды.
Жақсымен өткен бір күн
24.02.2023
Жуырда Шет аудандық орталық кітапхананың бірнеше қызметкері Қарағанды шахарына іс сапармен бардық. Ондағы негізгі мақсат -…
Дара талант
24.02.2023
2023 жылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен заманымыздың заңғар ойлы,…
Балаңыздың бос уақытында не қызықтырып жүр?
30.01.2023
Балаңызды бос уақытында не қызықтырып жүр?!#сұхбатты_көріңіз@altynsarin_school_gymnasium@zh.akylbaev
https://www.instagram.com/reel/CnjsALlqbz9/?utm_source=ig_web_copy_link
буктрейлер
30.01.2023
Құрметті оқырман назарларыңызға белгілі шығыстанушы, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовтың 80 жасқа толуына орай буктрейлер ұсынамыз.
https://www.instagram.com/reel/Cnzb1m1gO9h/?utm_source=ig_web_copy_link
Мейірімділік жолымен
30.01.2023
Шет аудандық орталық кітапханада 2023 жылы «Мейірімділік жолымен» атты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған…