Жоғары

Батырлар

...

Сарыарқаның сайын даласы- ғасырлар сілеміне сіңіп, тарих парағына айналған аңыздай шежіреміздің абыздай жалғыз куәсі. Бір аяғы үнемі үзеңгіде өткен тарпаң тағдырлы батыр бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманаттап кеткен байтақ дала содан бергі қилы-қилы заманда ұлы қозғалыстың өзегінде, қайнаған өмір жолында жауһардай жарқырап түледі.

Осынау қасиетті топыраққа тамыр тартқан елдік пен ерлік- үрдісі қалың қазақ жұртының мақтанышы ғана емес, үкілі үміт- жетегіндегі жас ұрпаққа да өшпес өнеге. Өкпесін сыз, өкшесін мұз тістеген  алмағайып заманда халқының басы аман, бауыры бүтін болуыңа алаңдап, ат арқасын терлеткен:

 

сынды батыр бабаларымыз алыс елдің алдында қазақ жұртының сағын сындырмай, абыройын асқақтатып өткен тұғырлы тұлғалар.


Келулердің саны: 13709