Жоғары

Мұхаметқали Абдуов

Мұхамедқали Әбдуов 1958 Шет ауданында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚарМУ-дың филология факультетінің деканы. Фольклорист, өлкетанушы, шежіреші. 1979-1989 жылдар аралғында газетте, мәдениет бөлімінде, кәсіптік-техникалық училищеде қызмет атқарған.

«Орталық Қазақстан халық ақындары шығармаларындағы фольклорлық дәстүр» деген тақырыпта кандидаттық (1997), «Қазақтың діни эпосы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Жүзге жуық ғылыми мақала мен 2 монография, 4 оқу құралы, 7 әдістемелік нұсқаудың авторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
  2. Әлімжан Ж. Қызығы –ғылым, азығы –өнер [Мәтін] /Ж.Әлиман //Үш қоңыр ,2020.-24 шілде (№30).- 3 б.

 

 

 


Келулердің саны: 6318