Жоғары

Мойынты ауылдық кітапханасы

     Мойынты ауылдық кітапханасы 1972 жылдан бастап қызмет атқаруда. Сол жылдары кітапхана темір жол бойына қараған.  Ауыл тұрғыны  1836.

      1970-1980-ші жылдар аралығында Адамбекова Сәрсенкүл қызмет істеп бастаған. 1990 жылы – 2009 жылдар аралығында Құсайынова Лиза жұмыс істеген. Кітапхана  Таңабай батыр көшесі , мәдениет үйінің 2-ші қабатына көшіріліп «Жаңа кітапхана» болып құрылды. Кітапхана ішінде жаңа заман талабына сай қамтамасыз етілген.  2009-2010 жылдар аралығында жөндеу жұмысынан өткізілді.

        2009 жылдан бастап Багимова Асел Сағатбекқызы қызмет етті. 2011 жылдың 1-ші шілде айынан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды.

        2012 жылдың шілде айынан бастап Жунусова Әлия Молдатайқызы кітапханашы жұмысына қабылданды. 2013 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет етіп өз денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылған.

        2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Джасыбаева Жумаш Неспекқызы  жұмысқа қабылданып бүгінгі күнге дейін кітапханашы жұмысын атқаруда. Бүгінгі күнде Мойынты ауылдық кітапханасында есеп құжаттары бойынша кітап  қоры 13271 дана кітапты құрайды. Оның ішінде қазақ әдебиеттері  8602.                      

Мойынты ауылдық кітапхананың  2021 жылғы кітап қоры – 9046 қазақшасы 7162   . Оқырмандар саны- 605  Кітапхана қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен қамтылған компютер, телефон, интернет бар.

     

      Оқушылар мен жас өспірімдерге,зейнеткерлерге, қызметкерлерге, жұмыскерлерге арналған газет журналдар бар айта кетсем «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Бал бұлақ»,  «Балдырған», «Алдараспан», «Бала би», «Дружные ребята», «Ұлан» «Отбасы және денсаулық», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам», «Мектептегі мереке» «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Алтын босаға»т.б

       Өмірбаян

Карыбаева Қарлыға Қанатқызы

1966 жылы 10 қаңтарда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы , Босаға ауылында дүниеге келді.

1973 жылы Босаға ауылдық орта мектебіне табалдырығын аттап , 1983 жылы аталған мектепті тәмәмдаған. 2018 жыл шілде айынан бастап Мойынты ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

 


Келулердің саны: 5799