Сауле Аликулова
1968 жылы Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, Высокое селосында дүниеге келген. 1985 жылы С.Т. Бреусов атындағы орта мектепті тәмәмдап, 1985 жылы Қарағанды педогогикалық училищесіне түсіп оны 1987 жылы бітірген. 1988-1996 жылдар аралығында ОКЖ кітапханасында кітапханашы қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет инситутын 1996 жылы кітапханашы- библиограф мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылы балалар кітапханасында істеген.
1990-1996 жылдар аралығында абонемент және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қызмет атқарған.
2005 жылдардан бастап библиография бөлімінің библиографы болып қызмет істеген. 2014 жылдың қазан айынан бастап библиография бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап әдістеме бөлімінде меңгеруші болып қызметін атқарып келеді.
2010 - 2014 жылдары Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2015 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай Аликулова Сәулені "Қажырлы еңбегі үшін" Алғыс хатпен "Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ директоры М.С.Нурпеисова марапаттады.
2017 жылы «Мәдениет және өнер» күніне орай Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Жолдыбекова Дина Жеңісқызы
1972 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылында дүниеге келген. 2008-2011 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Талап колледжінде қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша мұғалімдік мамандығын алған.
2013 жылдан бастап Шет аудандық орталық кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы болып қызмет атқарған. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жасөспірімдер бөлімінің әдіскері. Алғыс хаттармен марапатталған.
Айгерім Толеуова
1988 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылында дүниеге келген.
2006- 2010 жылдары Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген.
2011 жылдың 1 желтоқсанынан Аудандық балалар кітапханасында жұмыс атқарған. 2012 жылдан бері Аудандық орталық кітапханада жұмыс атқарып келе жатыр.
2017 жылы Шет ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қыз-келіншектер арасында волейболдан аудандық дәстүрлі ашық біріншілікте ІІІ – орын алған үшін марапатталған.
Бакирова Айгуль Абилкадырқызы
1971 жылы Қарағанды обылысы Шет ауданы Кеншоқы ауылында дүние келген. 1988-1990 жылдары Жезқазған қаласының копператив училищені бітірген.
2013-2015 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжі "Кітапхана ісі "мамандығы бойынша бітірді.2015 жылдан бері Шет аудандық орталық кітапханаға әдістеме бөліміне әдіскер болып жұмыс істейді.
Келулердің саны: 2603