Жоғары

Босаға ауылдық кітапханасы

Өмірбаян.

Букирова Зияда Бейсенбаевна,

  1978 жылы  27 қазанда Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылында дүниеге келген.1985 жылы сол ауылдың Босаға орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1995 жылы 11 сыныпты бітірді. 2003 жылы Қарағанды құқық және бизнес Университетін заңгер мамандығын бітірді.

2012 жылдың қазан айынан бастап Босаға ауылдық кітапханасына кітапханашы қызметіне жұмысқа орналасты.

2012 жылдың қазан айынан бастап Букирова Зияда жұмыс істеді.

    Қазіргі таңда Босаға ауылының кітапханасында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мен Мадиева Динара Кайроллаевна жұмыс істеген. Жұмысының ауысына байланысты 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Букирова Зияда өз орнына шықты.

    Кітапхана  Айкумбекова көшесі №30 әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Пешпен жылытылады. Мерзімді басылымдар саны –24. Қазіргі таңда кітап қоры 5871 дана кітапты құрайды. Оның  4430 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 610 оқырманға қызмет көрсетеді, оның ішінде балалар 125 оқырман. Кітапханада 1 компьютер, 1 телефон нүктесі бар. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Кітапхана рухани – тарихи байлықтың көзі ретінде оқырмандарын өз өлкесін білуге, сүюге баулу мақсатында көлемі бойынша атағы шыққан, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сазгерлер туралы басылымдарды, ақпараттарды жинақтауда. Кітапхана қызметкерлері ауылдық мерекелерге, жарыстарға атсалыса қатысады. Кітапханада әдеби кештер, кездесулер, жарыстар, викториналар ұйымдастырылып өткізіледі. Кітапхананың қоғамда белсенділігін көтеру, кітапты халық арасында құрметін арттыру мақсатында кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, жергілікті баспа беттеріне шығады.


Келулердің саны: 4028