Жоғары

Красная поляна

  

Красная Поляна ауылдық кітапханасы

Красная поляна ауылдық кітапханасы 1976 жылы Красная поляна совхозында ашылған. 1976-1992 жылдары кітапхана қорында 3200 дана кітап әртүрлі, газет-журналдар болған. Ауыл тұрғындары 60% орыс тілді болғандықтан кітаптар орыс тілінде болған. Кітапханада 1976-ші жылдан 1984-ші жылға дейін кітапханашы болып Пантюшева Г.И қызмет атқарған. 1984-ші жылдан 1992-ші жылға дейін кітапханашы болып Старостина В.С қызмет атқарған. 1992-ші жылы Красная поляна ауылдық кітапханасы жабылып, 2007 жылы қараша айында Красная поляна ауылдық кітапханасы қайтадан ашылады. 2007 жылы кітап қоры 2964 дана болды. 2007 жылдың қараша айынан бастап 2009 жылдың қыркүйек айына дейін кітапхана Дворук көшесіндегі №4 үйінде орналасқан. Көлемі 75 ш/м құрайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында ауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2007 жылы қараша айында қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, 2009 жылдан бастап Красная поляна ауылдық кітапханасы Мәдениет үйінде орналасқан. Көлемі 47 ш/м. құрайды.

       Кітапхана іші жаңа жиһаздармен толықтырылып, жаңа заман талабына сай ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген.

     2016 жылдың басында кітапханамызда кітап қоры 4856 дана кітапты құраса, оның ішінде қазақшасы 2571 дана.2016 жылы 16 атаудағы мерзімді басылымдар жаздырып алынды, кітап қорына жаңадан 202 дана кітап қосылды. 2018 жылы кітап қорына жаңадан түскені 301 дана кітап қосылды.Оның ішіңде 263 данасы қазақ тілінде. 2019 жылдың басында кітап қоры 5529 дананы құрайды.

       Кітапханада кітапханашы болып қазіргі уақытта Н.Сейльбекова жұмыс атқаруда. Күзетші, еден жуушы қызмет атқаруда.

 

Кітапханашы:

Красная Поляна ауылдық кітапханасына қарасты

Қарамұрын жылжымалы кітапханасы

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ   жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес. Адам бойындағы рухани құндылық пен адамгершілікті, ел тарихын, жер тарихын, бабалар ерлігін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші жәдігер осы кітапхана.

Қарамұрын ауылдық жылжымалы кітапханасы 2018 жылы Қарамұрын ауылында ашылды. Ауылда 300-ге жуық халық бар. Ең бірінші болып, бұл кітапханада, қазақ тілінің маманы Амандаева Тульпан жұмыс атқаруда.

Кітапхана екі бөлмеден тұрады, аумағы 50 шаршы метр, ішінде 5 стеллаж, 3 оқырман үстелі, 6 орындық бар. Бүгінгі күнде кітапхана қорында 700 дана кітап қоры бар.

Кітапханашы:

Амандаева Тульпан Нурлановна 1981 жылы, Узбекистан, Қаракалпақстан Республикасында туылған.

1998 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің Филология факультетіне түскен, 2003 жылы Университетті бітірген. 2018 жылдан бастап Қарамұрын ауылдық жылжымалы кітапханасында, кітапханашы болып жұмысқа атқарады.

 


Келулердің саны: 3485