Жоғары

Кеншоқы ауылдық кітапханасы

    Кеншоқы ауылдық кітапханасы

1952 жылы ашылды.Алғашқы кітапханашысы Сыздықов Миқанбай.1954-1955жылдары Қалиев Машен қызмет атқарған. 1956 жылдан 1993 жылға дейін кітапханашы болып Әбдірбайқызы Нағима қызмет атқарды. 1993-1999 жылдар аралығында Кәкімжанова Айгүл, 2000-2005 жылдарда Шұғайқызы Күлән, 2005 жылдан 2011 жылға дейін Шұғаева Айнұр жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Бейсембекова Назгүл жұмыс атқаруда. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Манасова Райхан қызмет атқарды.

    Қазіргі таңда Бейсембекова Назгүл жұмыс атқаруда.

    Кеншоқы ауылдық кітапханасы көпшілік кітапхана. Кітапханадағы оқырмандар саны 2017 жылға 605 оқырман жоспарлануда. Кітап берілімі 12100 құрайды деп жоспарлануда. Кітап қоры 6336 дана кітап бар, оның ішінде 4234 қазақ тілінде. Кітапхана орналасқан ғимарат: Кітапхана мәдениет үйі ғимаратында орналасқан. Көлемі: 48 ш/м. Мекенжайы: Кеншоқы ауылы, Муканов көшесі 45. Кітапхана техникалық жағдаймен жабдықталған. 

 

Кітапханашы:

 Бейсембекова Назгүл Тұрғалиқызы Қарағанды облысы,Шет ауданы,Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 19.11.1987 жылы дүниеге келген. 2005-2008 жылдар аралығында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті РМҚК Колледжі филиалын Қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша аяқтаған . Тәттімбет атындағы өнер колледжін 2013-2015 жылдар аралығында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылдың 11- тамыз айынан бастап кітапханада жұмыс атқарып келеді. Жетістіктері: Шет ауданының Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай оқулары «Алғыс хат» 2011 жыл, Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Шығармашылық платформа мадақтама «Бас жүлде» 2012 жыл, Қарағанды облысының мәдениет басқармасының «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауының «Өзгеріс жолындағы кітапхана» атты диплом 2012 жыл.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай өткізілген «Kitap-fest,Kitaphanashy best-2019» Кеншоқы ауылының әкімінің марапаттары 2014, 2016 ж.  


Келулердің саны: 4132