Жоғары

Аудандық орталық балалар кітапханасы.

    Шет аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесіне қарасты аудандық орталық балалар кітапханасы 1975 жылы ашылды.

    2008 жылы 11 наурызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №14 бұйрығына сәйкес жаңа үлгідегі кітапхана болып қайта құрылды.

    Кітапхана ғимаратының аумағы 129,5 ш/м тұрғын үйде орналасқан, электр  жүйесі арқылы жылиды. 2011жылы жаңа жиһаздармен жабдықталды.

    Кітапхана меңгерушісі  Ахмет  Шахаризада  Қамиқызы,  мамандығы кітапханашы. 

       Ахмет Шахаризада Камиқызы 1961 жылы 02 шілде Қарағанды облысы Шет ауданы , Ақбауыр ауылында туған.Қызылтау орта мектебін 1978 жылы бітірді.1980 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,рудник Қарағайлыда «Қарлығаш» балабақшасынада тәрбиеші болып жұмыс атқардды

1985-1988 жылдары Балхаш қаласында педагогикалық училищеде оқыды. 1988 жылы Батық ауылдық кітапханасынан кітапханашы болып еңбек жолын бастаған. 2007 жылдан бастап Шет аудандық балалар кітапханасының әдіскері. 2012- 2014 жылдары Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бойынша оқып бітірді. 2009 жылдың 12 маусымда Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен мамандық біліктілікті арттыратын курстың «Жаңа әлемдегі балалар кітапханасы» білімін жетілдірді. 2011 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық аясында ауданның қоғамдық саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып,оның өсіп өркендеуіне қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен»,

2011 жылы .Шет ауданның әкімінің «Алғыс хаттымен»,

2019 жылы Шет ауданы әкімінің «Ауылдың үздік кітапханашысы» дипломымен,

2020 жылы Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ауылдың үздік кітапханашысы» дипломымен,

2020 жылы Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

 

   Балалар кітапханасының кітап қоры 8013 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 7107 дана. Кітапханаға 19 атаудағы мерзімді басылымдар алады, оның 17 данасы балаларға арналған басылымдар, (14 журнал, 5 газет).

Кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңа үлгідегі кітапханаға сай жабдықталған: интернет жүйесін пайдаланушылар үшін төрт компьютер қойылған, қызметкерлердің жұмыс атқаруына арналған бір компьютер бар, сонымен бірге бір МФУ, бір лазерлік принтер, бір түрлі-түсті принтер, факс-телефон бар. Кітапхана ADSL технологиясы арқылы интернет жүйесіне қосылған.

Кітапханада библиографиялық бөлім арқылы оқырмандарға қызмет көрсетіледі, оқырман сұраныстары интернет арқылы да орындалады, электронды құжаттардың берілімі есепке алынады.

Кітапханада РАБИС бағдарламасы қойылған, осы бағдарлама арқылы  кітаптар және мерзімді басылымдарға материалдарды электронды  каталогқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханада «Мұрагер» атты қазақтың салт – дәстүрлерін насихаттау  барысында әр түрлі іс шаралар ұйымдастыратын қызықтыру клубы жұмыс  атқарады.

«Жас ақындар» деген айдармен оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, поэзияға деген құштарлығын оятып, ақындық өнерге жақын балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған қызықтыру клубы бар.

«Шебердің қолы ортақ» атты қызықтыру клубы жас оқырмандарды қолөнер түрлерін үйренуге баулу және атақты қолөнер шеберлерінің шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Кітапхана тұрақты оқырмандардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен және балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады, олармен бірге іс-шаралар өткізеді. Мысалы: «Кітап әлемі-ғажап әлем», «Кітаппен дос болайық», «Туған жер – алтын бесігім»  деген тақырыптарда әр түрлі интелектуальдық ойын, сайыс түрінде  шаралар өткізіледі.

Сезимхан Жанерке

1985жылы 18 қазанда  Монғолия мемелекетінде дүниеге келген. 1993-2003аралығында Монголия мемелекеті Баян-Өлгей қаласының 10 жылдық орта мектебін аяқтаған. 2003-2007жылдар арасында Улан Батыр қаласының Технологилық жоғары оқу орынының «Тігін технолог дизайнер» мамандығын бітірген.

2013-2017жылдар аралығында Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі»  мамандығын оқып, бітірген.

 2017-2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының М.Әуезов атындағы университеттің «Кітапхана ісі»  мамандығын  тәмамдаған. 2017 жылдан бастап
аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып кызмет атқарады.

Нұршаева   Айнұр

   Қазбекқызы 1980 жылы 27 тамызда Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылында дүниеге келген. 1986 – 1997 жылдары Босаға ауылындағы орта мектепте білім алған.

2008 - 2010 жылдары  Тәттімбет атындағы өнер колледжіне оқуға түсіп, «Кітапхана ісі» мамандығын тәмәмдаған. 2010 жылы Қарағанды «Болашақ» университетінің «Мәдениеттану»   мамандығын бітірген. 2010 жылы Шет аудандық   балалар кітапханасына библиограф   мамандығы   бойынша жұмысқа қабылданған.

2011жылы Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен», 2012 жылы мәдени-сауық орталығының «Алғыс хатымен»,

2015 жылы  Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының «Жыл кітапханашысы -2015» байқауынан    ІІІ дәрежелі дипломмен, 2018 жылы Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Алғыс хатымен», 2019 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту   бөлімінің «Алғыс хатымен», 2020 жылы Қарағанды   облыстық   зағип және   нашар көретін   азаматтарға   арналған арнайы кітапханасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

                               Өмірбаян

 

         Қойшыбаева Арайлым Мұратқызы

11 қараша 1986 жылы облысы,Қарқаралы ауданы Нұркен Әбдіров ауылында дүниеге келген. 1993 жылы №10 Нұркен атындағы орта мектепке барып, 2004 жылы мектеп бітірген.

       2004 жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы колледжге «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы осы мамандық бойынша диплом алған.

       2014 жылдан бастап Шет аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет етеді.

       2017 жылы Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы колледжде «Кітапхана ісі» бойынша білім алып, 2019 жылы кітапханашы мамандығы бойынша тәмәмдаған..

     2020 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы М.Әуезов атындағы университетке «Кітапхана ісі» мамандығына оқуға түсіп,білім алуда.

2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ең үздік тактильді кітапқа арналған «Қазақстан татулық пен бірлік мекені»атты республикалық онлайн байқауға атсалыса қатысып, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Алғыс хатымен» марапатталған.

Адресіміз: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Абай көшесі 5

Телефон: 8-71031-21772

e-mail:     Shet-00@mail.ru


Келулердің саны: 5997