Оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар үшін аса маңызды. Осы бағытта бос уақытты өткізу үрдісінде оқырмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың шығармашылық қабілетін жүзеге асыруды мақсат ететін қызығушылық клубтарының орны ерекше. Клуб - кітап пен шығармашылықтың тоғысу ортасы. Аудандық орталық кітапханада Жансусар оқырмандар клубы және Дарынды жастар клубы жұмыстар атқарады.
Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.
Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:
- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;
- жобаны құжат түрінде анықтау.
Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс – нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:
-нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;
-белгілі ресурстар;
- басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.
Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.
Жүйелік көзқарас тұрғысынан алсақ, жоба шектеулер мен механизмдерді ескере отырып белгілі бір жағдайдан түпкілікті нәтижеге өту үрдісін қарастырады.
Жобаның элементтері:
-ой (мәселе, міндет)
- Жүзеге асыру құралдары (шешім)
- Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)
Жобалар мен бағдарламалар бойынша жұмыс кең мүмкіндіктерді ашады және қазіргі уақытта кітапханалардың ешқайсысы онсыз жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Біздің жүйенің әрбір кітапханасы өзінің бағдарламасы немесе жобасы аясында ақпараттық қызметтің тиімділігін толықтыра және кеңейте отырып жұмыс істейді:
«Өлкенің шығармашылық әлеуеті»
«Оқырманды тартудағы кітапхана беделінің ықпалы»
«Заманауи кезеңдегі дәстүрлі жұмыс түрлері» кітап экспозициясы
Келулердің саны: 10366