Жоғары

Ақой ауылдық кітапханасы

 

Ақой ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесін 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен алды. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оның көлемі 80 ш/м. Жылу жүйесі орталықтандырылған. Күрделі жөндеуден өткізілген.   Жаңа үлгідегі Ақой ауылдық кітапханасында 10399 дана кітап бар, оның ішінде қазақшасы 8399 дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 11345 дана, оқырмандардың келімі 590. Кітапханада 31 дана мерзімдік басылымдар бар.

                                   

 

Қызметкерлері:

Ахметбекова Шолпан Мауленовна 1962 жылы 29 қазан айында Қарағанды облысы Шет ауданының  Шет совхозы Тұмсық  бөлімшесінде дүниеге келді.1979 жылы Ыбырай  Алтынсарин атындағы 10 жылдық мектебін бітірді. 2002 жылы  Қарағанды қаласындағы  Тәттімбет атындағы өнер  коледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша түсіп,2005 жылы тамамдады. 1986 жылынан бастап Ақой ауылының  кітапханасының кітапханашысы болып    жұмыс атқарып келеді.

Мараппаттары:

2012 жылы Аудан мәдениетінің дамуына ,өркендеуіне  зор үлес қосқаны үшін аудан әкімінің дипломмен марапалды.

Қазақстан Республикасы «Қрағанды облысының кәсіподақтар орталығы » аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің. Мәдениет қызметкерлері күні мерекесінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай ,Шет ауданы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Аудандық мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің  Алғыс хатымен марапатталды.

 Шет аудандық орталық кітапханасының Мадақтамасымен марапатталды.

2005 жылы Облытық мәдениет департаментінің бастығының  Алғыс хатымен марапатталды

 


Келулердің саны: 6366