Жоғары

Ақшатау ауылдық кітапханасы

 

 Ақшатау ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесін 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді.

Кітапхана мәдениет үйінде  орналасқан, жылу жүйесі қазандықпен жылиды, іші жылы, таза, кең қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Аумағы 86 ш/м. Байланыс қондырғысы, кітап сөрелері және т.б., бар.

Ақшатау ауылының халық саны 878. Ақшатау ауылдық кітапханасының кітап қоры 10399  дана. Оның ішіде қазақшасы 8399.

Ақшатау ауылдық кітапханасына 31 дана мерзімдік басылымдар аламыз.

Оның ішінде оқырмандар сұранысына ие «Астана ақшамы», «Орталық Қазақстан», «Шет шұғыласы». Журналдардың атауы «Қазақстан әйелдері»,  «Айгөлек», «Қазақ әдебиеті» осы газет журналдарға сұраныс көп.

Кітапханадағы техникалық жабдықтарымыз телефон нүктесі интернет жүйесі «ҚазақТелеком» арқылы 2012 жылы қосылған, кітапханада «РАБИС» бағдарламасы 2013 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс атқарады.

 Қызметкерлері:

Өмірбаян(Автобиография)

Апеева Бақыт Тельманқызы 1968 жылы 06 қыркүйекте   Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Арқалық совхозы (қазіргі Тәттімбет ауылында) дүниеге келді.   Қазіргі таңда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кентінде тұрады.. Қарағанды мәдениет ағарту училищесінде «Кітапханашы» мамандығын бітірді.1989-1990жж. Қарағанды облысы,Егінді бұлақ ауданы, Арқалық мәдениет үйінде ұйымдастырушы қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап Ақшатау кентінің кітапханасының кітапханашы қызметін атқарып келеді.

Жұмыс атқарған уақыттарда алған марапаттары:

1.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында   және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай өткізілгенSERTIFIRKAT . Kitap-Fest. Kitaphanashy Best-2019 .

2.Ақшатау әкімінің «Алғыс хат» 2016ж

3. Шет ауданы әкімінің «Құрмет грамотасы» 2020жыл.

4 «Туған жер» жобасы аясында «Шіркін ,туған жердің күзі мереке,байлығы   береке!» «Алғыс хат» 2017ж

Апеева Бақыт Тельмановна білімі арнаулы орта еңбек өтілі 2 ай.


Келулердің саны: 6712