Нұраталды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2004 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Нұраталды ауылының мәдениет үйінде орналасқан. Оның көлемі 120 ш/м. Ауылда 929 тұрғыны бар. Кітапханаға 605 оқырмандар келеді. Кітапханада 16034 дана кітап қоры, оның ішінде қазақ тіліндегісі 10831 дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 12100 дана, оқырмандардың келімі 7260. Жыл сайын мерзімді басылымға жазылу арта түсуде. 23 дана газет болса, 14 дана журнал бар. Интернет жүйесі іске қосылған. Бір компьютерге рабис бағдарламасы орнатылған. Қызығушылық клубы «Жас қалам». Мақсаты: жас таланттарды келешекке бағдар беру, әр таланттың талабын көпшілікке паш ету. «Поэзия пайғамбары – Абай» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітапханада «Бүлдіршіндер қол өнері» атты үйірме бар.
1969 жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызында дүниеге келді. 1976 жыл Нұраталды орта мектебіне қабылданып,1986 жылы аяқтады. 1986-88 жылдары Қаныш Сатбаев (Никольский) қаласындағы «Культпроссвет» училищесін бітірді. 1992-1997 жылдары Нұраталды ауылдық кітапханасында балалар кітапханашысы болып қызмет атқарды. 2004-2006 жылдар аралығында Нұраталды мәдениет үйінде көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап қазірге дейін Нұраталда ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқаруда. Марапаттары: Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Құрмет граматосы», Шет ауданының әкімдігі Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Алғыс хат» 2014 жыл.
|
Келулердің саны: 6878