Талды ауылдық кітапханасында 1986-1996жылға шейін Кәкімжанов Бақыт Амангелдіқызы жұмыс істеген. 1996 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана, клуб ғимараты жабылған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында ауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2005 жылы қайтадан жөндеуден өткізді.2003 жылдан бастап Ж.Аманбаеваа қызмет атқарды.2005 жылдан бастап мен,Жуасбай Сауле Саулебеккызы қызмет атқарамын.2010жылдан бастап Қасымова Жанар Кенжегулкызы қызмет атқарады.Қазіргі таңда екеуміз бірге қызмет атқарудамыз.Кітапхана мәдениет үйінің 2 қабатында орналасқан от қазандығына қосылған.
Талды ауылдық кітапхана 2003 жылы сәуір айында 2750 кітап қорымен ашылған.Қазіргі таңда 7989 кітап бар қазақшасы - 5830. Модельді кітапхана мәртебесі 2007-ші жылы берілді. Кітапхана заман талабына сай жаңа жиһаздармен жабдықталған. Қазіргі таңда оқырман саны - 505.
Талды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2007 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Талды ауылының мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оның көлемі 56 ш/м. Ауылда 675 тұрғыны бар.
Қызметкерлері:
Жуасбай Сауле Саулебеккызы 1974 жылы 19 тамызда Ақшатау совхозында дүниеге келген.Ақшатау совхозында 1981 жылы мектеп табалдырығын аттап -1993 жылы мектепті аяқтады .Экономика заң колледжі «Құқықтану » мамандығы бойынша 2005жылы түсіп, 2007 жылы аяқтады. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша 2009 түсіп, 2011 жылы бітірді. 2007 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Талды ауылдық кітапханасында жұмыс атқаруда.
Марапаттары: Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Құрмет грамотасы» 2020 жыл.
Садвакасова Алтынай Райымқұлқызы
1995 жылы 19 шілдеде Қарағанды қаласы, Шет ауданыңда дүниеге келді. Ақадыр кентіндегі А.Ермеков атындағы №25 орта мектебіне 2002 жылы қабылданып , 2011 жылы бітірді.
2011 жылы Қарағанды "Болашақ" маңызды білім беру колледжіне түсіп, 2015 жылы аталған колледждің толық курсын "Негізгі орта білім беру" мамандығы бойынша бітірді.
2020 жылдан бастап қазірге дейін Талды ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқаруда .
Келулердің саны: 8094