Жоғары

Түсіпов Марат

Түсіпов Марат Исабекұлы

(1946) Шет ауданы «Құрама» ауылында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин белгісінің иегері. ҚазМУ-дің түлегі (1977), тарихшы – оқытушы. Шет ауд. Қызылтау сегізжылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі (1964), Ақбауыр сегізжылдық мектебінің мұғалімі, директоры (1965-1978), ауд.оқу бөлімінің меңгерушісі (1978-1981), ауатком және аупарткомның бөлім меңгерушісі (1981-1991), М.Горький атындағы мектептің директоры (1991-1994), 1994-1995жж.Талды ауылы, мал шаруашылығында еңбек етті.1996-1997 жж. Қарағанды қаласы №36 мектепте тарих және қоғам тану пәндерінің оқытушысы, Қарағанды политехникалық колледжінде мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқытушысы (2000-2009) болды. Шет ауд., Жезқазған обл. Кеңестеріне депутат болып сайланған.

Бірқатар салалық марапаттарға ие болған.




Келулердің саны: 153