Жоғары

Рахымжанов Теңізбай

...

Рахымжанов Теңізбай (1946) Шет ауданының Өспен кенішінде дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы (1993), ҚР еңбегі сіңген қайраткер (2002). КСРО (1985), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ – дің журналистика факультетін бітірген (1969). Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облысының меншікті тілшісі, Қазақстан ҒА М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ізденушісі (1969 – 1981), 1981 жылдан Абай атындағы ҰПУ – де дәріс береді, филология кафедрасының профессоры. «Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты», «Халық қазынасы», «Романның көркемдік әлемі» секілді монографиялар мен оқу – құралдарын жарыққа шығарған. В. Антоновтың, А. Чеховтың, Ю.КАзаковтың, Д. Голсуорсидің және т.б. жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары алыс және жақын шетел тілдеріне аударылған. Шығ.:Алтын керуен, 1980, Алматы; Күн тамшысы,1973, Алматы; Оралу, 1984, Алматы; Туысқандар, 1984, Алматы; Көгілдір тырналар, 1988, Алматы.

Мерзімді басылымдар беттерінен:

1. Шет шұғыласы. - 2021. - 15 сәуір (№15). - 4 б. 

Орталық Қазақстан. - 2021. - 24 сәуір (№44). - 7 б.


Келулердің саны: 148