1.Тезекбай Амандықұлы 70жас
Ақынның шығармашылығына арналған мүшайра өтті
Елімізде қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген ақын-жазушылардың мерейтойлары кеңінен аталып өтілуде. Соның бірі, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Шет ауданының ақыны Тезекбай Амандықұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған аудандық «Жүректің сиясымен жыр жазамын» атты жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Іс шара барлық карантиндік талаптарға сай өткізілді. Іс – шараға аудан әкімінің орынбасары А.А.Абильдин бастаған әкімдік өкілдері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен, аудандық кітапхана ұжымы және ауыл үлкендері мен ақынның өмірлік достары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Азатұлы мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты. Сонымен қоса ақын достары Ахметова Г.К., Хамзин М., шәкірті Ж.Мұқаштың ақынға деген ыстық лебіздерін бейнекөрсетілім арқылы жолдады. Екі бөлімнен тұратын жыр мүшайрасына 40- тан астам қатысушы қатысып, ақын өлеңдерін жаттаудан және ақынға арнауларынан додаға түсті.
Әділ-қазылардың шешімімен, ақынға өз арнауынан қатысқан ақындардың арасында «Бас жүлдені» Амангелдинов Берікбол, 1 орынды Ақжал кентінен Әлімқұл Жібек, 2 орынды Төменгі Қайрақты ауылынан Болатов Аңсар, 3 орынды Бұрма ауылынан Сейіт Наурызбай иеленді. Сонымен қоса, 12-17 жас аралығындағы балауса жырларымен енді ғана өлең әлеміне қадам басқан жас ақындар арасында 1 орынды Бексары Ақтілек, 2 орынды Әбдуали Зейнеп, 3 орынды Ахтанов Елжан иеленді. Және ақынның арнайы жүлдесімен Нұраталды ауылынан Саяфетдинова Жұлдыз марапатталды.
Ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқушылар арасында Кеншоқы ауылынан Қасенқұл Дастан, 1 орын Серікқызы Аружан, 2 орын Киікті ауылынан Нұртай Ерсұлтан, 3 орынды Зекен Абылай иеленіп, Ынталандыру сыйлығымен Адамбекова Айнара марапатталды.
Алдағы уақытта өлкеміздің ақындарына арналған мүшайра жалғасын тауып, сөз құдіретін өлеңмен кестелеген ерекше жандардың шығармаларын насихатталатыны анық.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CIp9UfDHr7q/
2."Оқ пен от арасындағы Баубек хаттары" тарихи - әдеби кеш
@unirek.lib
2021 жылдың 29 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Б. Бұлқышевтың 105 толуына орай Үңірек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Адуова Гүлнар Ербекейқызымен «Оқ пен от арасындағы Баубек хаттары» тақырыбында инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы онлайн тарихи-әдеби кеш өтті. Кеш барысында Үңірек кітапханасының кітапханашысы Адуова Гүлнар «Ер өлмек емес ешқашан» тақырыбында Б. Бұлқышевтың өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат берді. Кітапхана оқырмандары Масабаев Рахметолла, Ахметова Файзат Б. Бұлқышев туралы естеліктерін оқып, Серік Алия «Жауынгер» өлеңін Сапуанова Гүлсана «Достық» өлеңін Досжанова Саулет «Оқушы жыры» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Аудандық кітапханасының кітапханашысы Медеубекова Алтынайдың дайындаған «Қару мен қаламды қатар ұстаған» атты видеосюжет көрсетілді.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CKn7ZALn45g/
3."Жазылар естеліктер мен туралы"
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CLERusZnpjd/
4."Ауғанстан жүректегі жазылмас жара” атты ерлік сағаты
15 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауғанстан жүректегі жазылмас жара» атты онлайн ерлік сағаты өткізілді. Шараға аудандық кенттік, ауылдық әкімдік қызметкерлері, ауылдық кітапханашылар және ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Іс-шарада Ауған соғысы жайында видеолар көрсетіліп, сұрапыл соғыс жайында мағлұмат берілді. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Абильдин А.А. аудандық маслихаттың хатшысы Төлеуқұлов Б.Т. және Кеншоқы ауылының тумасы жауынгер интернационалист Балкенов Е.Қ. мырзаларға сөз берілді.Аудан орталығында орналасқан Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ашылған естерткішке гүл шоғын қою сәтінен видео көрсетілді. «Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында Мәдениет үйінің қызметкерлері Боранбаев Т. мен Аханов Б. орындауында ауғанстан жайында ән шырқалды.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CLTumO6Hqec/
5.Қадірлі оқырмандар!
Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың туғанына 175жыл толуына орай "Даланы жырымен тебіренткен ақын" атты инстаграм желісі арқылы онлайн әдеби кеш өтті.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CL8c5NYn3-s/
6."Парасат жолы"орталығының ашылу салтанаты!
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CMlsW3CJZ3h/
7."Әлихан Бөкейханов тәуелсіздіктің жаршысы"
Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155жыл толуына орай ұйымдастырылған портреттік сағат
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CMmL-VDJQ71/
8.23 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай
"Кітап-жетістікке жетудің жолы"атты онлайн сұхбат
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CN_5WOWpeuN/
9."Кiтап-жетiстiкке жетудiң жолы" онлайн сұхбат
Кеш қонағы айтыскер ақын-жырау
Әдiлов Тiлеген Елеусiзбайұлы
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/COfQ4oTJvnv/
10.“Адал көмек”жобасы аясындағы тікелей эфир!
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/COuigQ8phIr/
11."Мәдениет және өнер қызметкерлері күні"
сұхбат
Тікелей Эфир: https://www.instagram.com/p/CPIcwEKJ-fJ/
12.Жәлел Қуандықұлымен өткен сұхбат
Кітап-жетістікке жетудің жолы
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CPVRH_-p8hs/
13.Мемлкеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған
"Мемлекеттік қызмет-ел абыройының айнасы" атты онлайн сұхбат.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/CQc3CZipL3p/
14. Жазушы Мәди Айымбетовпен кездесу кеші (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/tv/ClAufUUDusC/?utm_source=ig_web_copy_link
Келулердің саны: 2589