Жоғары

Үңірек ауылдық кітапханасы

Үңірек ауылдық кітапханасы

Үңірек ауылдық кітапханасында 1965-1994 жылдары Искакова Асия Әсембайқызы кітапханашы болған. 1994-2007 жылдарда Айтбеков Ерғали, 2007-2010 жылдары Ошақбаева Ғалияш, 2010-2012 жылдың маусым айына дейін Райхан Сандуғаш, 2012 жылдың маусым айының 9-нан бастап Адуова Гульнар Ербекейқызы, 2017 жылы наурыз айынан бастап 2018 жылдың қараша айына дейін Серикова Р. Г. екінші кітапханашы болып қызмет атқарды.

Кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан.Үңірек көшесі 24 А. 2020 жылы басындағы кітап қоры – 8276 дана, казақшасы 6881 дана құрайды оның ішіне 8170 кітап, 9 газет, 9 журнал кіреді.

Кітапханада 1 кітапханашы мен 1 күзетші қызмет етеді.

Кітапхана ауылдық мәдениет үйімен, Шет жалпы орта білім беретін мектеппен, «Айгөлек» шағын орталығымен, «Шет шұғыласы» газетімен, бірігіп жұмыс атқарады.

Оқырман саны - 704

Келім саны -8460

Кітап берілімі-14100

Кітапханашы:

     Адуова Гульнар Ербекейқызы, 1980 жылы 1 қаңтарда Қарағанды Шет ауданы Үңірек ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы шет ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Жезқазған университетінің филология факультетіне түскен. 2000 жылы университетті аяқтап, Сәтбаев қаласында №7 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 2005-2006 жылдары Жезқазған индустриалды - гуманитарлық колледжінде қазақ тілінен оқытушы болғған. 2012 жылдан Шет ауданы Үңірек ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарады. 2014 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен, 2015 жылы Тәуелсіздік күніне орай ауылды дамыту барысында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Алғыс хатпен, « Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » КММ әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлт-мәдениетімен мәңгілік» атты кітапханашылар сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 


Келулердің саны: 7162