Жоғары

Толғанай Айтболатқызы

...

1991 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінде дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында Ақжал кентіндегі Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқыды. 2008 жылы Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінде білім алуды жалғастырды. Толғанай Айтболатқызы – мектеп қабырғасының өзінде әдебиетке жақын екендігін танытып жүрген, бірнеше аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып, қабілетімен танылған жастардың бірі. Мектеп қабырғасының өзінде облыстық Абай оқуларының 3- орын иегері Толғанай қазіргі уақытта аудандық мәдени іс шараларға белсенді қатысып жүр. Кез келген өзіне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, уақытылы әрі тиянақты орындай алады. Ауданның шығармашыл жастарының арасында бой көтеріп келе жатқан ақындыққа біршама жақын қыздардың алдыңғы қатарында. Мінезі ашық, кез келген ортада өзін еркін ұстап, тіл табыса алады.

         Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде латын әліпбиіне байланысты әдіскер болып қызмет атқарған аз уақытта өзінің бірнеше іс-шараларын аудан көлемінде насихаттай отырып, әр түрлі сабақ әдістерін көрсете алды. Аудандық газет беттерінде Толғанай Айтболатқызының тіл саясатын насихаттауға арналған мақалалары мен өлеңдері әлі күнге дейін жариялануда.

         Жастар арасында талантты, шығармашыл, жаңашыл, жарқын ойлы патриот азамат ретінде және жас ақын Толғанай Айтболатқызы алдағы уақытта да жаңа жинақтарымен кітапхана сөрелерін толықтырады деп сенеміз.

Шығармалары:

А-32   Айтболатқызы Т. / «Толған ай –тұмар, жыр - жүрек» - Қарағанды: Tengri Ltd, 2019. – 155 бет.


Келулердің саны: 75