Жоғары

Болат Жұматайұлы

...

 Болат Жұматайұлы 1961 жылдың 22 қарашасында шежірелі ауданымыздың Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң, 1978 жылы Алматы қаласындағы зооветеринарлық институтында білім алады.Еңбек жолын 1983 жылы Кеншоқы кеңшарының Байназар бөлімшесінде ветеринар техник болып бастайды. Одан әрі кеңшардың бас мал дәрігері, мал шаруашылығы және еңбек жөніндегі инспекторы, кеңшар тарағаннан кейін «Әсел» жеке меншік кәсіпорнының басшысы, «Арқау» шағын кәсіпорынының менеджері болып еңбек етеді. 1996 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысы ішкі істер департаментінде жемісті еңбек етіп, сол жерден полковник шенінде зейнетке шығады. Бүгінде Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі болып еңбек етеді.

 Бөкең атақты күйші, халқымыздың дарынды композиторы, күйші Аққыздың жиені. 2008 жылы Ақтоғайда күйші Аққыздың атында күй кешін ұйымдастырып өткізеді. Қыздарбек, Әбди, Сембек, Әбікен, Аққыздың күйлерін жанын салып шерткендегі құдіреті күшті күй әлеміне енетін бейнесі мүлдем ерек. Ал, оның Аққыз күйлерінің нұсқаларын қазақ радиосының алтын қорына жаздырып, шығармашылығы туралы ғылыми зерттеу мақалалары мен «Аққыз, «Аққыздың күй мұрасы» кітаптарының құрастырушысы екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Отбасым күйшілер әулеті болғандықтан Болат ағамыздың күйшілік өнерінен бұрыннан-ақ хабардар болдым. Ағамыздың өңіріміздің дәулескер күйшілері әкем Дәулетбек Сәдуақасұлы мен ағам Қайролла Сәдуақасовпен бірге «Астана Арқау», «Күй керуен» республикалық байқауларына қатысқандығын жақсы білемін. Өзін әкем Дәулетбек Сәдуақасұлының шәкіртімін деп санайды.
Бөкеңнің шертпе күйдің дамуына қосқан еңбегі лайықты бағаланып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталады.

Мерзімді басылымдар беттерінде:

Шет шұғыласы. - 2021. - 28 қазан (№43).- 8 б

Орталық Қазақстан. - 2021. - 6 қараша (№124). - 7 б.


Келулердің саны: 606