Шет аудандық орталық көпшілік кітапханасы 1956 жылы Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосында құрылған.,сол кезде кітап қоры бар–жоғы 200 дана болатын, кітапханада бір кітапханашы халыққа қызмет көрсетті.
1976 жылы Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылып, жүйе бойынша елді мекендерден 33 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетті.
1988 жылы Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне «ГАЗ – 52 Кубанец» автокөлігі берілді. Ауыл шаруашылық науқандары кезінде барлық елді мекендерден үгіт бригадалары ұйымдастырылып оқырмандарға кітапханадан тыс қызмет көрсету мақсатында ОКЖ бойынша ауылдық кітапханаларға «Бригада күні» енгізілді.
Аудан бойынша 12 кітапханада бригадалық абонемент ашылды.
Осы жылдары жергілікті газет «Ильич туы» беттерінде кітапханашылар туралы Қайрақты ауылының кітапханашысы Н.Сартбаева «Халыққа қызмет – мерейлі міндет», Ақсу ауылының кітапханашысы З.Әбдібекова «Қызметіміз – халыққа», Пикет ауылының кітапханашысы В.Турещева «Кітапхана – тәрбие орталығы» атты мақалалары жарық көрді.
Осы жылы Шет ауданының 60 жылдық мерейтойына атақты жазушылар М.Мағауин, С.Жүнісов, ақын Е.Асқаров және халық әртістері Е.Серкебаев, А.Днишев, Р.Бағлановалар шақырылып, оқырмандармен кездесу кеші өткізілді. Кітапханада «Қазақстан жазушылары бізде қонақта», «Их искусство служит народу» атты кітап көрмесі мен суретті альбом ұйымдастырылды.
1995-1996 жылдардағы жаппай қысқарту кезінде кітапханалардың 95 % жабылып, аудан көлемінде бар–жоғы төрт кітапхана халыққа қызмет көрсетті. Осы жылдары аудандық балалар кітапханасы да жабылып, аудандық кітапханаға қосылды. Балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге осы кітапхана арқылы қызмет көрсетіле бастады.
1997 жылы Ақадыр ауданы мен Шет ауданы қосылып, Шет ауданы болып қайта құрылды. Осы кезде Ақжал, Жамбыл, Мойынты кенттік кітапханалары және Өспен, Киік ауылдық кітапханалары орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына кіріп, аудан бойынша 9- кітапхана жұртшылықа қызмет көрсетті.
1999 жылы 16 кітапхана халыққа қызмет көрсетті.
Шет аудандық орталық балалар кітапханасы мен Ақой ауылдық кітапханасы 1996 жылы жабылып қалғаннан кейін, 2000 жылы «Мәдениетті қолдау»жылына қайта ашылды
ОКЖ бойынша Ақадыр көпшілік кітапханасына, Аудандық орталық кітапханаға, Киик,Ақшатау, Ақжал, Талды, Ақшоқы, Красная-Поляна,Төменгі-Қайрақты, Бұрма, Ақой ауылдық кітапханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Қазіргі кітапханада 1 аудандық орталық көпшілік кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 балалар кітапханасы, 27 ауылдық кітапханалар жұмыс істейді.
2005 жылы облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен «Жаңа үлгідегі» кітапхана статусына Ақадыр ауылдық кітапханасы, Нұраталды ауылдық кітапханасы ие болды.
2008 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрығымен «Жаңа үлгідегі» кітапхана статусын Аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы алды.
2009 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрығымен «Жаңа үлгідегі» кітапхана статусын Ақжал, Ақой, Ақшатау, Бұрма, Талды ауылдық кітапханалары алды.
Кітапханалар бойынша бағдарламалар мен жобалар ұйымдастырылған
«Мәдени мұра» және кітапхана , «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдырға арналған мемлекеттік бағдарламасы кітапханада», «Кітапхана – қоғам айнасы», «Жазғы демалысқа – жақсы кітап». Кітапханаларда «Жас қыран», «Мұрагер», «Жыр жауһары»,клубы т.б. бірлестіктер жұмыс істейді.
2007жылы аудандық орталық кітапхананың «Жас қыран» жастар клубы облыстық Ж.Бектуров атындағы жасөспірімдер кітапханасының «Қайнар» сыйлығын жеңіп алды.
2011 жылы аудандық балалар кітапханасынан тұтынушылар үшін 4 компьютер қойылып «Интернет класс» ашылды.
Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы мен ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында жас кітапханашылардың зияткерлік қызметін дамыту мақсатында «Еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту жастардың қолында» атты жас кітапханашылардың І форумы болып өтті. Осы форумға аудандық орталық кітапханадан А.Исатаева «Ғаламтор, кітапхана, оқырман» Бұрма ауылының кітапханашысы Ғибрат Сәуле «Ауыл кітапханасының әлеуетін арттыру» атты жобаларын қорғап дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының ұймдастырумен өткен ең үздік ауыл кітапханасы байқауы бойынша Кеншоқы ауылдық кітапханасы «Өзгеріс жолындағы кітапхана» жүлдесіне ие болды.
Кітапхана ісін дамытудағы адал еңбектері үшін кітапхана қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарына, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды: 2000 жылы Ахметова Гүлшара Қамиқызы «Мәдениет қайраткері», 2002 жылы Аубакирова Нағима Рахматолақызы аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері», 2003 жылы Нүрпейісова Мейрамгуль Сансызбайқызы аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері», 2005 жылы Айтжанова Жумакуль Ибәділдәқызы облыс әкімінің «Ауылдың үздік кітапханашысы», 2007 жылы Бигарашева Кенжебала Бигарашқызы облыс әкімінің «Ауылдың үздік кітапханашысы», 2011 жылы Ахметбекова Шолпан Мәуленқызы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері», 2012 жылы Ешанова Гүлсара Созақбайқызы тәуелсіздік күніне орай аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері», 2013 жылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Сакипова Сарықыт Шалғымбекқызы аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» жүлдесіне ие болды.
Келулердің саны: 18183