«Балалар,жаз,кітап»
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын және оған ұқыптылықпен қарауды қалыптастыруда балалар кітапханасының орны ерекше. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда рухани байлығын, интелектуалды қабілетін, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талап талғамын қалыптастыруда кітаптың маңызы зор. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағың деген дана сөз тегіннен-тегін айтылмаған. Кітап – баланы зерделі, зейінді болып өсуге тәрбиелеудің бірден-бір құралы.
Таза ауада кітап оқу пайдалы және өте қызықты. Өткен жылдың шілде, тамыз айларында және биылғы жылдың маусым айынан «Жазғы кітапханаң атты жылжымалы кітапхана түрінде ауданымыздың әр көшелеріне барып балалар арасында әр-түрлі қызықты шаралар ұйымдастырып одан әрі жалғасуда.. Жиналған жазғы демалыстағы балалар жаңадан келіп түскен кітаптармен танысып оқуға алып отырды. Әртүрлі викториналық ойындар ойнатылды. Балаларды екі топқа бөліп мақал-мәтел, жұмбақ шешу, қолөнерлері сайыстары өткізілді.. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында балалармен спорттық ойындар ойнатылды. Жазғы кітапхана атты шараны өткізу барысында балалармен сауалнама жүргізілді. Шара өте тартымды да қызықты өтті.
Біз жас оқырмандарымызды, ата-аналарды, тәрбиешілерді, мұғалімдерді «Жазғы кітапхана алаңына шақырамыз!
Келулердің саны: 12914