Тел.: +7 705 777 7788 Kıru
Тайжанова Бекзат Байдуллақызы

Тайжанова Бекзат Байдуллақызы

Тайжанова Бекзат Байдуллақызы 1971 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Білімі : арнаулы орта. 1990 жылы Сәтпаев қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі»мамандығын тамандаған. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңаарқа ауданында мектепте кітапханашы болып бастаған. Отбасы жағдайымен  2004 жылы Ортау ауылына көшіп келіп, 2005 жылдан бастап пошта меңгерушісі болып жұмыс істеді. Халық сұранысы бойынша 2008 жылы Ортау ауылында кітапхана ашылып,сол жылдардан бері  Ортау ауылдық кітапханасында  жұмыс істейді.Бірінші санатты кітапханашы. Іздемпаз, жаңашыл,еңбек сүйгіш.Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Әйелдер комитетінің мүшесі, жолдасы Төлеген Шахманов екеуі үш бала тәрбиелеп өсіріп отыр.  Елбасымыздың көреген саясатын халыққа насихаттап, ауылымыздың көркейуіне өз үлесін қосуда. Ортау ауылының 60 жылдығында, жерлесіміз, даңқты жазушы С.Сейфуллиннің торқалы 120 жылдық тойында ауыл белсен-ділерімен бірігіп, тойдың өз мәнінде өтуіне белсене ат салысты.Ауыл демографиясын дамыту үшін жас отбасылармен   әйелдер кеңесімен бірігіп жұмыс атқарады.  Тұрмысы нашар, көпбалалы отбасылармен көптеген жұмыстар жүргізеді.

    Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін ауыл әкімі Д.К.Карсембаевтің «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай «Құрмет грамотаға» ие болып, 2012 жылы аудандық кітапхана директоры Г.Ещанованың  «Алғыс хатымен»,1 маусым балалар күніне орай Ортау орта мектебінің «Мадақтамасымен» марапатталған. 2016 жылы 8-наурызда аудан әкімі Р.Әбдікеровтің « Алғыс хатымен»  марапатталды. 

2018 жылы Шет ауданының әкімі М.Жандаулетовтың «Алғыс хатымен» ,2019 жылы аудандық кітапханашылар фестиваллінің «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз болып, Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдиннің «Дипломымен » марапатталды.

    Халық саны – 380 адам.

   Оқырмандар саны - 400

   Кітап қоры – 2899