Ақжал ауылдық кітапханасы
Ақжал ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініңбастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Ақжал кітапханасы 1977 жылдан қызмет көрсетіп келеді. Кітапхана балалар кітапханасы болып ашылған. 1997 жылдан бастап көпшілік кітапханасы деп аталды. 1997 жылдан 2010 жылға дейін кітапхана кішігірім көлемі бар тар бөлмеде орналастырылып, оқырмандарға қызмет көрсетілді. 2010 жылдың мамыр айынан «Шұғыла» мәдениет үйіне көшті. Көлемі 58 ш/м.
Кітапханашылары Жахметбекова Күмісай Рысқұлбекқызы. Білімі орта арнаулы. Ыбыш Айнұр Амантайқызы Болашақ университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген. Ыбыш Айнұр Амантайқызы еңбек өтілі 2 жыл.
Жахметбекова Күмісай Рысқұлбекқызы Қарағанды мәдени-ағарту училищесінде кітапханашы мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Халқының саны 3600. Кітапханада кітап қоры 5501 дана, оқырмандар саны – 1210.
Оқырмандарға кітап берілімі 24100 дана, оқырмандардың келімі 14460.
Кітапханада 1 теледидар, 1 компьютер, 1 принтер,1 ксерекопия, телефон желісі және интернет іске қосылған. Рабис бағдарламасы орнатылған.
Жаңа үлгідегі Ақжал ауылдық кітапханасында «Балғын бояу» үйірмесі бар. Оның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды сурет салуға үйрету. Қатысушылардың қызығушылығын ояту, әр түрлі бояумен табиғаттың әсемдігі қағаз бетіне түсіруді үйрету. «Шұғыла әдеби» жасөспірімдер клубы айына 2 рет жұмыстар жүргізіледі. Мақсаты: жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын нығайту. Көркем әдебиет туындыларын оқу, талқылау сағаттарын жүргізу, жергілікті ақындар және жазушылармен кездесу.Ұлттық құндылықтарды насихаттау.