Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ЕРЕЖЕСІ
- Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі тарапынан абонемент, біріңғай кітап қоры, оқу залдарында қызмет көрсетіледі. Бөлім кітапханашылары мәдени – көпшілік шаралар, әдеби вебинар, библиотерапия сағаты, онлайн кештер, виртуалды кітап көрмелері, әдеби поэзия кештері, оқырман бенефисі, поэзиялық батыл, флэш-моб, әдеби лото, әдеби - сазды кештерін ұйымдастырып өткізеді.
- Оқырмандарға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент және бірыңғай кітап қоры. Кітап қорлары қазақ және орыс тілдерінде ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды, және сөздіктерден, баспасөз - басылымдарының жиынтығынан құралған .
АБОНЕМЕНТ ЕРЕЖЕСІ
Абонемент – жеке қызығушылығы бойынша қызмет көрсету немесе оқырмандарға құжаттар мен кітаптарды кітапханадан тыс жерлерде белгіленген уақытта қолдануға беретін кітапхананың жеке бөлімшесі;
- 16 – 24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлері абонемент бөлімінен ақысыз қызмет алуға құқылы;
- Кітапхана оқырманы бір мезгілде 10 күн мерзімге үйге 5 данаға дейінгі кітаптарды алуға құқылы;
- Құжаттар мен кітаптарды пайдалану күні кітапханашының келісімімен 3 рет ұзартылады, егер оларға басқа тараптардан сұраныс болмаған жағдайда;
- «Абонемент» бөлімінен алынған кітаптарыңыздың тез әрі ыңғайлы пайдалану мерзімін ұзарту үшін кітапхана сайтындағы "Кітап мерзімін online-ұзарту" қызметін ұсынылады;
- Кітапханашы жүйелі түрде алынған құжаттар мен кітаптардың кітапханаға тиісті уақытында қайтарылуын қамтамасыз етілуі тиіс;
- Құжаттар мен кітаптар кітапханаға қайтарылған жағдайда «Оқырман кітапшасына» кітапханашының қолы қойылып, кітаптың қайтарылғандығы расталады;
- 16-24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер, зейнеткерлер, жұмыссыздар, жұмыскерлер, студенттер оқу залынан ақысыз қызмет алуға құқылы. Баспа және басқа да басылымдарды оқу залында пайдалануға беріледі, Басылымдарға шек қойылмайды, тек қана құнды және сирек кездесетін басылымдар кітапханадан тыс пайдалануға берілмейді.
ОҚУ ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
- Оқу залының кітап қоры энциклопедиялардан, анықтамалық құралдар мен оқулықтардан кітапхананың ең құнды және сирек кездесетін басылымдарының жиынтығынан құралған бөлім қорындағы мемлекеттік тілдегі түрлі бағыттағы білім салаларын қамтитын кітаптар қазақ және орыс тілдерінде жинақталған. Кез келген оқырман оқу залының кітап қорынан таба алмаған кітаптарын кітап қорын сақтау бөліміне тапсырыс беру арқылы алып пайдалануына болуына толық мүмкіндігі бар. Кітап қорында мүлдем жоқ немесе оқырман пайдалануында болуына сәйкес керек басылымын оқырмандар Қазақстанның және шетел кітапханаларының электрондық құжаттар көшірмесін Интернет арқылы алуына болады.
ОҚУ ЗАЛЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
- Оқу залы көптеген көпшілік іс-шараларын өткізеді: әдеби, тарихи кештер, ақын –жазушылар, ардагерлермен кездесу,жастар акциясы, кітапханалық ойындар т.б., ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар ұйымдастырады. Оқу залында Коворкинг және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталықтары жұмыс жасайды. Орталықтарда көптеген іс – шаралар өткізіліп тұрады.
- Оқу залы – оқырмандарға кітаптар мен құжаттарды кітапханада пайдалануға беретін кітапхана бөлімшесі;
- 16 – 24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлері оқу залынан ақысыз қызмет алуға құқылы;
- Оқу залы және басқа да басылымдарды кітапхананың оқу залында пайдалануға береді;
- Оқу залында пайдалануға берілетін басылымдарға шек қойылмайды;
- Құнды және сирек кездесетін басылымдар кітапханадан тыс пайдалануға берілмейді;
- Оқырман оқу залынан басылымдарды алған жағдайда міндетті түрде әр басылым үшін қол қояды;
- Кітапханадан шығарда оқырмандар оқу залынан алған барлық басылымдарын кітапханашыға қайтаруға тиіс.
І. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
- Көпшілік кітапханасын пайдаланушылар ретінде:16 жастан 24 жасқа дейінгі жасөспірімдер, зейнеткерлер, қызметкерлер, жұмыссыздар, жұмыскерлер;
- Кітапхананы пайдаланушылар ақысыз түрде төмендегідей қызметтерге ие болады;
- Кітапхана қорынан нақтылы ақпарат алуға;
- Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қорынан бюджет есебіне алынған баспа басылымдары мен құжаттарын алуға;
- Ақпарат көздерін алу барысында кітапханашының кеңесін алуға;
Кітапхананың барлық мерекелік кештеріне қатысуға;
Кітапханада ұйымдастырылған клуб, үйірмеге жазылуға;
- Кітапханаға мына бөлімдерде жазылуға болады: «АБОНЕМЕНТ», «ОҚУ ЗАЛЫ»
- Кітапханаға жазылу барысында: «Кітапхананың пайдалану ережесімен» танысу;
- Кітапханаға жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсетуге міндетті;
- Кітапхана оқырманы «Оқырман кітапшасына» қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді;
- Оқырман кітапшасы – оқырманның кітапханадан үйге алынғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат;
- Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапхана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс;
II. ОҚЫРМАННЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Кітапхана оқырмандары кітапхана қызметкерлерімен сыпайы және әдепті болуы тиіс;
- Кітапхана ережесін қатаң сақтауы тиіс;
- Кітап беру барысында кітаптың немесе баспа басылымының жыртылған, оқуға жарамсыз екендігі байқалған жағдайда; Жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны дәл осындай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана бұны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтеді Оқушыдан жоғалған кітаптың құнын өндіріп алуды білім беру ұйымының директоры білгілейді.
- Кітапты ұқыпты ұстау,кітапханадан алған кітап немесе басқа да басылымдарды полиэтиленді пакеттерге салып жүру, бекітілген мерзімде қайтару,
- Кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан кітап алмау, кітапқа, газет – журналдарға белгі қоймау, беттерін жыртпау және қимау, т.б;
- Кітап қорының орналасу ретін бұзбау, каталог пен картотекадан карточкаларды шығармау;
- Тыныштық сақтау, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау;
Qyzmetkerler
Меңгерушісі
Кітапханашы
Кітапханашы
Кітапханашы