Абонемент бөлімі
Абонемент бөлімінің пайдалану ережесі
Абонемент – жеке қызығушылығы бойынша қызмет көрсету немесе оқырмандарға құжаттар мен кітаптарды кітапханадан тыс жерлерде белгіленген уақытта қолдануға беретін кітапхананың жеке бөлімшесі;
16 – 24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлері абонемент бөлімінен ақысыз қызмет алуға құқылы;
Кітапхана оқырманы бір мезгілде 10 күн мерзімге үйге 5 данаға дейінгі кітаптарды алуға құқылы;
Құжаттар мен кітаптарды пайдалану күні кітапханашының келісімімен 3 рет ұзартылады, егер оларға басқа тараптардан сұраныс болмаған жағдайда;
Кітапханашы жүйелі түрде алынған құжаттар мен кітаптардың кітапханаға тиісті уақытында қайтарылуын қамтамасыз етілуі тиіс;
Құжаттар мен кітаптар кітапханаға қайтарылған жағдайда «Оқырман кітапшасына» кітапханашының қолы қойылып, кітаптың қайтарылғандығы расталады;