Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

«1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау» күні

«1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау» күні
...

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырылуымен «1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай, жазғы демалыста оқушылардың мәдени тынығуына, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерді таныстыру мақсатында  «Жазғы демалыста- кітап әлемімен» атты жазғы кітапхана өткізілді.

Кітапхана сөресінен көркем әдебиеттер қойылды. Оның ішінде: жаңадан келіп түскен әдебиеттер, шытырманға толы оқиғалар, поэзия жанры, қазақ жазушыларының шығармалары ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Исатаева бастап келген болашақ оқырман оқушылармен «Ребусты бірге шешейік» атты ойын өткізді. Оқырмандарымызға кітапханашыларымыз қызықты мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Еще фото