Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Смағұлов Жансай Жанатұлымен «Туған жерге туыңды тік!» атты кездесу

Смағұлов Жансай Жанатұлымен «Туған жерге туыңды тік!» атты кездесу

Туған жерге туыңды тік!
Спорт – салауттылық кепілі, денсаулық тірегі. Әдетте кез-келген тұлға спортпен шұғылдана береді, бірақ шын спортшы болу әрқайсының қолынан келе бермейді. Өйткені, спорт өнерінде қайсар мінез, күш жүгерлі, төзімділікті үйлестіре білген адам ғана айналысып, биік шыңдарға жетеді. Осыған орай , өсіп келе жатқан балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, Шет аудандық балалар кітапханасында «Балалар жылы» және «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жерлесіміз, дзюдодан әлем чемпионы Смағұлов Жансай Жанатұлымен «Туған жерге туыңды тік!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуде, Жансай Жанатұлы өзінің балалық шағынан бастап, спортқа алғаш жасаған қадамы жөнінде әңгімелесіп берді. Қәзіргі таңда, Жансай Жанатұлы жуырда Токиода өтетін жарысқа жаттығып, дайындалып жатқаны туралы айтып өтті.
Жас оқырмандардың бар сұрақтарына жауап беріп, құнды кеңестер берді. Кездесуден кейін, балалар туған жеріне деген сүйіспеншілік, салауаттық өмір салтын сақтап, спортпен айналысуға деген құлшыныс пайда болды. Ар-намыс ұғымын жоғары қойып, ешқашан ешкімге таптауға бермеу керектігін түсінді. Кездесу соңында жас оқырмандар Жансай Жанатұлымен естелік суретке түсті. Осындай мәнді, әсерлі кездесу сыйлаған жерлесімізге алғысымыз шексіз.