Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Тілдер мерекесіне орай «Тіл- достық пен мызғымас бірліктің дәнекері » атты фестиваль өтті

Тілдер мерекесіне орай «Тіл- достық пен мызғымас бірліктің дәнекері » атты фестиваль өтті
...

Ана-тілі – әр ұлттың қастерлі құндылығы. Көп ұлтты Қазақстанда барлық халық өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және  дамытуға мүмкіндік жасалған. Қоңыр күздің жетегінде  келетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі-кең байтақ қазақ даласын тіл салтанаты кернейтін сәт.Тіл  мерекесі  аудандық орталықтандырылған кітапхана мен тілдердідамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл- достық пен мызғымас  бірліктің дәнекері» атты фестивалі «Туған елім» әнімен ашылып, фестивальге қатысушылар бір шаңырақтың астында топтаса жиналып, әсем ән шырқады. Фестивальдің алғашқы ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин сөз алып, мерейлі мерекемен аудан жұртшылығын және фестиваль қонақтарын құттықтап , қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша КАЗТЕСТ сертификатын Шет агротехникалық колледжінің мұғалімі Д.Бекееваға, Ы,Алтынсарин мектеп- гимназиясының мұғалімі Ж.Жексенбековаға, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Махмутоваға, Оқушылар үйінің директорв Н.Шатековаға, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры  Қ.Биғожинге,Ақшоқы ауылдық округінің әкімі А.Әбеноваға табыс етсе,республикалық ашық диктант жеңімпаздары Ақсу-Аюлы ауылдық округінің бас маманы Ж.Тұяқова, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Г.Ахтаева, ауданның құрылыс бөлімінің инженері Г.Жанағұлова,Шет ауданының ­№ 1 халыққа қызмет көрсету орталығының құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Г.Оразғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің іс жүргізушісі Н.Маженова,аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Е.Сағадиева, «Балдырған» балабақшасының логопеді А.Жұмабай  «Алғыс хатпен» марапатталды.Сонымен қатар, мерекеде сөз алған әділқазылар алқасының мүшесі, жергілікті ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы Тезекбай Амандықұлы құттықтау тілегін білдіріп, Тілдер  аясында аталып өтілген «Тілім менің ар-намысым, айбатым» атты жыр мүшәйрасында жүлдегер танылған жас ақындарды марапаттады. Мүшәйрада жүлделі бірінші орынды Нұраталды орта мектебінің оқушысы Бәдел Жаһаншах жеңіп алса, екінші орынды Талды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Рысбеков, үшінші орынды Шет агротехникалық колледжінің студенті М.Мейрамбайқызы иеленіп,мақтау грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.Сонымен қатар мүшәйрада тамаша өнерлерімен ерекшеленген Талды орта мектебінің іс жүргізушісі М.Құсайынова, Талды орта мектебінің мұғалімі А.Сүйіндіков, Ш.Батталова атындағы орта мектебінің оқушысы А.Түлейбек, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Қ.Түсіпбекова, Еркіндік орта мектебінің оқушысы М.Аманғалина, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Ә.Асановалар алғыс хатпен марапатталды.

  Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу тұрғысында Тілдер фестивалі аясында өткізілген «Достықтың туын желбірет» атты мекеме қызметкерлері арасындағы өнер фестивалінің алғашқы шымылдығын ашқан Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы әр ұлттың тілінде өлеңдер оқып, композициялық би қойылымын көрсетіп, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

  Сондай-ақ, өзбек ұлтының әсем әндерін әуелете шырқап,билерін мың бұрала орындаған «Нұрдәулет»балабақшасының ұжымы да қошеметтен құр қалмады.Келесі кезекте сахнаға шыққан аудандық қаржы және экономика бөлімі мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұжымдары түрік ұлтының әндерін шырқап, билерін тамаша орындап , жиналғандарға көңіл күй сыйлады. Әрі қарай мерекенің сәнін аша түскен «Балдырған» балабақшасының әндерін тамылжыта орындап, мың бұрала билерін билеп, көпшіліктің алғысына бөленді. Мерекеде С.Мұхамеджанов атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы әуелете әндер орындаса, аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы әр ұлттың өлеңдерін оқып,билерін кезекпен орындап, жиналған көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.

 «Тіл- дотық пен мызғымас бірліктің дәнекері » атты өнер фестивалі де  мәресіне жетіп, қатысушылар аудан әкімдігі мен тілдерді дамыту бөлімі атынан алғыс  мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

тағы суреттер: