Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

«Жырымен жас ұрпақты тербеткен»

«Жырымен жас  ұрпақты тербеткен»
...

          Аудандық  орталық  кітапхананың ұйымдастырумен Ақиық  ақын Мұқағали  Мақатаевқа  арналған «Жырымен жас  ұрпақты тербеткен» атты поэзиялық  кешті жүргізуші Амангельдин Берікбол  өткізді. 

         Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық. «Ақын есімі – халық жадында» атты кітап көрмеге кітапханашымыз Мухтарова Гүлсім  шолу  жасады.   Мұқағали  Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған, ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген ақиық  ақын. «Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым - өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға әл, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.

Бүгінгі поэзиялық кешке  ақын аталарының өлеңдерін сүйіп оқитын   оқырмандар келіп, айта кетсек  Есенкулов Әлібек, Екижанов Айхан ,Бексейт Мадина, Төлеутаева Жаңагүл, Төлегенова Айгерім, Аманжолова Ақнұр, Бөгенбаева Мөлдір, Базылова Ақерке, Мұратова Ақжүніс, Марат Ерәділ, Кәріп Батырхан, Нуркенова Толғанай, Байжанов Рахат, Сүлейменова Тұрсанкүл өлеңдерін  оқыса, Шидербекова Бикен, Хасенова Арайлым өздеріннің ақынға арналған арнауларын оқыды.  Мұқағали ағамыз -біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі, ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.Оқырмандар  «Құлақтан кіріп бойды алар»  атты бөлімінде  Мұқағали  Мақатаевтың әндерін орындады. «Мұқағали шындығы» атты  ақын жайлы деректі бейнеролик көрсетілді.   Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Ауыл ақсақалдарымыз: Рашидов Амантай және Есемкулов Жылқыбай оқырмандарымызға Мұқағали ағамыз туралы өз пікірлерін айта кетті.Іс-  шарамызға қатысқан оқырмандарымыз алғыс хатпен марапатталды.  Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын, - дей отырып бүгінгі  ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырымен  жас ұрпақты тербеткен »  атты поэзиялық кешімізді  ақынымыздың «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңімен аяқталды.

тағы суреттер: