Тел.: +7 705 777 7788 Kıru
image description

Софы Сматаев

Сматаев Софы Қалыбекұлы (24 маусым.1942 ж туған, Қарағанды облысы. Ақадыр ауданында. Киік ст.) - жазушы, драматург. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген (1965 ж). 1960 - 62 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, құюшы, Қазакстан

ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1967 - 84 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі,

1984 - 87 ж. Қазакстан Компартиясы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан Қазакстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры. "Астана оттары" атты тұнғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді.

Кейін «Армысын ана» 1970 ж , «Алау» 1974 ж,  «Қобыланды  батыр » 1981 ж, «Алғашқы асу » 1982 ж, « Қобыланды батыр » орыс тілінде 1983 ,1987,1989 ж,

 Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда койылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В.Г. Короленко, В.В. Иванов, В.А. Солоухин, Х.Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ак, У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды.

ҚР Мәдениет министрлігінің Абылай хан тақырыбына жариялаған конкурсында 1 бәйге алған, «Зарзаман» (1993), «Далам-ай, панам-ай» (1993), «Той үстіндегі топалаң» (1994), «Базарың құтты болып... немесе кек қайтару» (1997), «Базарың құтты болсын... немесе қазақша баю» (1997) пьесалары республикалық, облыстық және таяу шетел (Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан) театрларында қойылды. Кинофильм («Біржанның соңғы жұлдызы») сценарийінің авторы. Аударма саласында да жемісті еңбе етті. Шығармалары қарақалпақ, қырғыз, неміс, орыс, өзбек, словак, швед тілдеріне аударылған. Софы Сматаевтың еңбектерінен үзінділер мектеп оқулықтарына енгізілген. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (1992). "Құрмет" орденінің иегері (2000). Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы : Қазақ  ақпарат, 2011. – 143 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-332-333 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-332-333 б.

Мерзімді басылым беттерінде:

 Сматаев, С. Ұстаз, [Мәтін] / С. Сматаев // Заман.-2004.- 2 қазан (№39).- 2 б.

Ақсұңқарұлы, С. «Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын антейдей» [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан.- 2011.- 18 маусым (№98-99).-2 б.

Сматаев, С. Жариялық – адалдықтың айнасы, [Мәтін] / С. Сматаев // Жас Алаш.- 2011.- 23 маусым (№49).-5 б.

Сматаев, С. Қондың-ау бүгін тұғырға [Мәтін] / Сматаев, С. // Орталық Қазақстан.- 2011.- 13 қазан (№169).-1 б.

Дүйсебек, Н. Алаштың қаламгері [Мәтін] / Н. Дүйсебек // Шет шұғыласы.- 2012.- 12 қаңтар (№2).-4 б.

Сматаев, С. Қараңғы ойлар [Мәтін] / С. Сматаев // Жас Алаш.- 2013.- 22 қаңтар (№5).-3 б.

Мыңжасарқызы, Д. Софы ақынның оқырманға тартуы [Мәтін] / Д. Мыңжасарқызы // Түркістан.- 2013.- 16 мамыр (№19).-6 б.

 Шет шұғыласы, 2021. - 25 қараша (№47). - 3 б.

 Индустриальная Караганда. - 2021. - 16 ноября (№128). - С.8

 Орталық Қазақстан, 2021. - 18 қараша (№129). - 1 - 8 б.

Сматаев С. "Арқаның аңызы" - Қарағандыда. [Мәтін] / С.Сматаев//Айқын газеті. - 2021. - 19 қараша (№174). - 8 б.

Айтматов,М Мен оны іздеп тапқам [Мәтін] /М, Айтматов.//Орталық Қазақстан,2021.-22 маусым (№67).- 4 б.

Сматаев С. Өз орнымды ойып алғам өзге жетпес төрімнен [Мәтін] /С.Сматаев //Орталық Қазақстан,2021.-22 маусым (№67).- 5 б.

Жанболат ,Б Тау тұлға [Мәтін] /Б.Жанболат //Орталық Қазақстан,2021.-22 маусым (№67).- 5 б.

Исабеков,Д Барлық жанрда бірдей қалам тербеген...[Мәтін] /Д.Исабеков //Орталық Қазақстан,2021.- 22 маусым (№67).- 4 б.

Сматаев,С   Ғарышқа көз тіккек жер [Мәтін]: Әңгімелер /С.Сматаев.- Алматы: Жалын, 1985.-200 бет.