Тел.: +7 705 777 7788 Kıru
image description

Әуесхан Көшімов

Әуезхан Көшімов 1911 жылы 15 желтоқсанда Жезқазған облысы, Ағадыр ауданы, «Босаға» совхозының жерінде туған. 1940 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болған.

Осы өңірге есімі кеңінен мәлім Көшім қажының баласы. ҚазМУ-дің тіл-әдебиет бөлімін бітірген. 1942-46 жылдары Қарағанды облысының радиокомитетінің бас редакторы, облыстық халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысының өкілі қызметтерін атқарған. Өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастамаған. Шығармалары: «Жүрек сазы», «Аңшының әңгімелері», «Екі бүркіт», «Төгіледі әуендер», «Тепеңкөк», «Қысталаң жыл», «Шалқар күзен», «Қос қорқаудың айласы», «Лашын хикаясы» басқа да кітаптардың авторы.

     Әуезхан Көшімұлының бірнеше кітаптары қазақта «Көзден кетсе де көңілден кетпейді» дейтін жақсы сөз бар. Көңілден кетпейтін бір адам осы Әукең еді, алайда бұл есім ескерілмей бара жатқандай көрінеді. Әукеңнің жақын туысы Серік Ыбышұлының айтуынша жазушының жарық көрмей, оқырмандарын таппай жатқан мұралары көп. Серік ағай осы жазбаларды жүйелеп, әдебиетіміздің алтын қорына қосатын шақ жетті деп есептейді.

     Сол қуғын сүргіннің зардабын бір кісідей тартқан Көшім қажы 37 жасында өмірден озған. Әуезханның қам- қоршысы болған жалғыз ағасы Сейілхан Көшімұлын да «Шұбартау» ұлт азаттық көтерілісіне қатыстың деп айыптап, 1929 жылы ату жазасына кескен екен. Осы аралықта Сейілхан ағайдың жұбайы Гүлзахира Бимендеқызы бас сауғалап Алматы қаласына қашып барып, екі ұлын балалар үйіне тапсырады. Кейінде әпербақандардың қудалауы басылған кезде Гүлзахира жеңгеміз ұлдарын алмақ ниетпен балалар үйіне барғанда басқа жерге ауыстырылып жібергенін естиді. Сан соғып, балаларынан тірідей айырылып қала береді. Сол жеңгеміз жан жары бақилық болғаннан кейін де тұрмысқа шықпай, ошағының отын өшірмеген. Ал Әукеңнің өз анасы жолдасының, балаларының басына түскен ауыртпашылықты, қайғы-қасіретті көтере алмай дүниеден озған. Ата-анасынан, аға-жеңгесінен бірдей айырылып, жетімдіктің қамытын киген Ә.Көшімов қазақ жерін тастай қашып, Ташкент қаласына барып оқуға түседі. Сол жақта жүріп Міржақып Дулатовтың немере інісі Зұлқарнай Дулатовпен танысып, онымен бірге 8-9 класта бірге оқып, жан жолдас болады. Кейінде осы досы қайғылы қазаға ұшырағанда «Досымның аманаты» деген арнау өлеңін шығарады.
Жастайынан өнерге бейім Әукең кейін Сәкен Сейфуллиннің қамқорлығымен алғаш ашылған Қазақ мемлекеттік университетінің филилогия бөлімінде білімін жалғастырып, қазақтың зиялылары Мұхтар Әуезов, Әлімхан Ермековтерден дәріс алады. Оқуын жалғастыра жүріп, 1930 жылдың басында Алматы облыстық әскери комиссарының көмекшісі болса, кейін «Қызыл әскер» газетіне қызметке ауысады. Сол жылдары Ахмет Бай- тұрсынов, Санжар Аспандияров сияқты қазақтың ілкі зиялыларының алдынан өтіп, оларды өзіне үлгі- өнеге тұтады. Алғаш осы газетте «Құлагер» атты поэмасы жарық   көрген.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 106-107 б.

Шет ауданы. энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-216 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 106-107 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-216 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Ыбышұлы, С. Әдебиетте орны бар Әуесханның [Мәтін] / С. Ыбышұлы // Орталық Қазақстан.- 2011.- 13 қазан (№169).- 3 б.

Бексейіт, С. Халықтың ықыласы – алған сыйы...немесе "Қазақтың Пришвині" атанған қаламгер туралы ой-толғам [Мәтін] / С. Бексейіт // Орталық Қазақстан.- 2011.- 10 желтоқсан (№206-207).- 7 б.

Ыбышұлы, С. Өттім  жалғыз арман таңын таңға ұрып [Мәтін] / С. Ыбышұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 12 шілде (№28).- 5 б.

Ағыбай батырдың туғанына-200 жыл Заман.- 2002.- 6 шілде (№25).- 3 б.

 Орталық Қазақстан. - 2021. - 22 шілде (№79). - 5 б.

Көшімов, Ә. Екі бүркіт [Мәтін] Ә. Көшімов.- Повестер.- Алматы: Жазушы, 1983.-144 бет.

 

Көшімов, Ә. Қысталаң жыл.[Мәтін] Ә. Көшімов. -  Алматы, "Жазушы", 1969. 194 бет.

 

Көшімов Ә Шығармалары: әңгіме-повестер және өлеңдер.[Мәтін] /Ә. Көшімов.-Астана:Фолиант,2013.- 424 бет.