Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Ахметұлы Қами (1906-2005 г.г)

Ахметұлы Қами 1906 жылы дүниеге келген .Соғыс және еңбек ардагері, милиондаған қыршын өмір құрбан болған Ұлы Отан соғысында туған елімізді жаудан азат етуге қатысқан ардагер әкелеріміздің бірі Қами Ахметұлы ақсақал. Ұлы Жеңістің 60 жылдығын көзімен көріп, жүзге қараған шағында фәнеден бақиға озған ардагер майдан жылдары Смоленск, Сталинград, Воронеж қалаларын қорғауға, Венгрия мен Чехославакияны азат етуге қатысқан. Жеңісті Берлинде қарсы алып, «Қызыл Жұлдыз», 1-2 дәрежелі «Отан соғысы», 3 дәрежелі «Даңқ», «Үздік минометчик» ордендерімен, «Праганы, Чехославакияны» азат еткені үшін, өзге де 50-ге жуық жауынгерлік медальдармен марапатталған. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Елбасының «Ерен еңбегі» медалімен республика бойынша марапатталған. Туған елге жеңіспен оралған ардагер еңбекке бел шеше араласып, Қарқаралы қаласындағы Қарағанды облыстық ауылшаруашылық оқу орнына түсіп, үздік бітіріп 30 жылдан астам уақыт Ақбауыр, Наршөккен, Комсомол ауылдарында агроном болып қызмет істеп зейнеткерлікке шықты. Осы жылдар арасында «Тыңды игеру» және «Тыңға 50 жыл» толуына орай медальдармен, республика, облыс, аудан көлемінде мақтау грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған. 2005 жылы бала шағасының алдында ақтық сапарға аттанған. Ардагер жайлы қаламгер журналистер Ғаббас Смағұлұлының, Ермағанбет Лұқпанұлының «От кешу» кітабында, Төрехан Майбастың Шет өңіріндегі жыраулық мектепті ұстап қалған есімі белгілі ақындарымыздың бірі ретінде «Бір ауыз сөз» Шет өңірі ақындарының антологиясында және «Портреттер» кітабында жан жақты айтылған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 68 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 89 б.

Бір ауыз сөз.[Мәтін] Жыр кітабы.- Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 30-32 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 89 б.

Бір ауыз сөз.[Мәтін] Жыр кітабы.- Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 30-32 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Қамиқызы, Г. Жан әке, жетпес сізге ешбір баға [Мәтін] / Г. Қамиқызы // Заман, 2006.-4 мамыр (№19).-3 б.