Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Ақыжанов Жәкен

Ақыжанов Жәкен 10 қыркүйек 1942 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ленин колхозында туды. 1960 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қарқаралы ‘‘қазақша күрес’’ секциясына қатысты. Алғашқы жаттықтырушысы Кәмел Жансагимов болды. 1962 жылы техникумның 3 – курсында жүргенде әскерге шақырылды. Әскер қатарында жүргенде де күресті әрі қарай жалғастырып, Ленинград әскери округінде алғашқы ‘‘самбо’’  күресіне қатысып, сол округтің құрама командасының қатарында 1965 жылға дейін мүше болды. Осы үш жыл ішінде өз салмақ категориясында бірнеше дүркін жүлдегер және жеңімпаз танылды. Соның нәтижесінде ‘‘самбо’’ күресінен шебер кандидаттық нормативін орындады. Құжаттары бар.

            Әскери борышын өтеп келген соң Шет ауданының Ы. Алтынсарин атындағы  орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінен мұғалім бола жүріп, күресті әрі қарай жалғастыра берді. 1973 жылы Торғай қаласында өткізілген бүкіл қазақстандық спартакиядасында жеңімпаз атанып, ‘‘қазақша күрестен’’  спорт шебері атанды. Кейіннен 1966-1972 жылдары Серік Демесінұлы жаттықтырушы болды.1966-1983 жылдар аралығында Қарағанды, Жезқазған облыстарының құрама командасының мүшесі болып, бірнеше рет Республикалық және бұрынғы Советтер одағы көлемінде ‘‘қазақша’’, ‘‘самбо’’ күрестеріне қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. 1983 жылдың қараша айынан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басқарушысы болып осы уақытқа дейін жұмыс ітейді. Осы мектепте күреске баулыған Сейсенбай Жанасылов, Тұрар Төлепбеков, Қыдырбай Әбішев, Нұрлан Ахметбеков, Қайдар Қанжанов, Самал Айнатаев және тағы басқалары күрес шеберлері атағына ие болды.                         

Пайдаланған әдебиеттер:

 Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 260-261 б.                                

 Нар тұлғалы азамат  [Мәтін] / Заман.- 1998.- 21 қазан  (№40).-4 б.

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.

 

Мерзімді басылымдар беттерінен:

Сәлменова, С. Арнау  [Мәтін] / С. Сәлменова // Заман.- 1998.- 24 қазан  (№40).-4 б.