Зәрубай Сүйіндікұлы
Сүйіндіков Зәрубай 1947 жылы туған. Еңбек жолын Ы.Алтынсарин орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған.Аудандық білім бөлімінде әдіскер, аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі,ауылпарткомда нұсқаушы 1976ж, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Нұраталды орта мектебінде директор 1991ж, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі 1995ж.2005ж аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайдың директоры. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2003ж «Өмір толғауы» атты өлеңдер мен әндер жинағы жарық көрген.
Киелі Нұра топырағында туып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті, Қарағанды педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп еңбек жолын бастаған. Мұғалім, мектеп директоры ,аудандық партия комитетінің ңұсқаушысы, аудандық мәдениет бөлімінің, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін ұзақ жылдар бойы атқарды. Қаншама жауапты қызметтер атқарсада өнерден қол үзбеген.Туған жерге,елге деген ерекше махаббаты оның шығармашылығында айшықталып тұр.
Кезінде «Ақсу-Аюлы» ән-би ансамблін Республикаға танымал етуде еңбегі ерекше болды.Алматыға бастап барды.Кейін Министрліктен рұқсат алып, Семей облысын аралап, ауданымыздың өнерін паш етті. Аудандық халық театры сол кезде екінің бірінің қолынан келе бермейтін М.Әуезовтың «Қаракөз» драмасын сахнаға шығарып, республикалық конкруста жүлделі орын алды.Майталман сазгер Ыбыжан Төлегенов екеуі бірігіп жазған «Ақсу-Аюлы-жыр мекенім» әні бүгінде аудандық гимніне айналған. Оғанда 33 жыл толып отыр . Зәкеңнің бір мезгіл әйгілі «Ұлытау» ән-би ансамбліне жетекші болып, Грузия Республикасының 60 жылдығына қазақ елінің өнерін паш етуге қатысқанын екінің бірі біле бермейді. «Ән мен әнші» бағдарламасына қатысып, патриоттық әндер конкрусын өткізуге ұсыныс жасағанда Зәкең еді. «Мектебім-көктемім», «Қарағанды көктемі» әндері үшін Зәкең лауреат, дипломант атанды. «Домбыра» әні «Жас қанат» байқауында бірінші орын алды. Орындаған әйгілі Ақтоғайдың «Тоқырауын толқындары».
Бүгінде 40-қа жуық әннің, 5-6 күйдің авторы,2003жылы «Өмір толғауы» атты әндер жинағын жұртшылыққа ұсынды.Қыздарбек күйшінің алтын тұяқтарының сынығы «Зәру қосбасар» күйі соның айғағы. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып бүгінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, мұғалімдердің 1-ші съезінің делегаты болды.Зәкең ұлттық спортымызға ,ұлттық үрдістерімізге де бей-жай қарамайды. Ит жүгіртіп, құс салу, аңшылықпен айналысу табиғат анаменен тығыз байланыста болу басты ұстанымы.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143-144 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-335 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143-144 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-335 б.
Шығармалары:
Сүйіндікұлы. З. С 90 Өмір толғауы: Өлеңдер. – Ақадыр: «Баспагер», 2004. – 100 бет. |
Бақыт деген байлық емес, жыр боп шашыл, күй боп төгіл ғұмырым [Мәтін] // Заман.- 2007.- 18 қазан (№42).-5 б.
Айтжанова Қ. «Домбыра екеуміз егіз бе едік!...» [Мәтін] / Қ.Айтжанова // Орталық Қазақстан.- 2010.- 25 қараша (№193).-6 б.
Жанымды жартасыңа жанып алам [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 11 қараша (№46).-5 б.
Сүйіндікұлы, З. Атағың жетер ғасырдан асып ғасырға [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 29 қараша (№48).-6 б.
Сүйіндікұлы, З. Ақжалым – әнім [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 26 шілде (№30).-4 б.
Сүйіндікұлы, З. Туған жер [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Заман.- 2000.- 16 жель\тоқсан (№46).-3 б
Орталық Қазақстан.-2014.-6 қараша (№2014).-6б.
Заман.-2000.-16 желтеқсан (№46).-3б.
Зәрубай Сүйіндікұлы. Ақжол саған домбыра![Мәтін] Өнер кеші.
Шет шұғыласы. - 2011. - 24 наурыз (№12). - 5 б.