Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Тезекбай Амандықұлы

1950 жылы 1 қыркүйекте Шет ауданының Нұра ауылында (Кеншоқы) туған. 1958-1966 жылдары сол ауылдағы С.Орджоникидзе атындағы сегізжылдық мектепте (қазір Нұра орта мектебі), 1966-1968 жылдары Ақсу-Аюлы селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде оқып, орта білім алады.

   1968 жылы аудандық Мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1973 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. 1973-75 жылдары Нұра орта мектебінде мұғалім, 1975-77 жылдары Аудандық білім бөлімінде инспектор, 1977-81 жылдары Ақши сегізжылдық мектебінде директор, 1981-1992 жылдарында білім бөлімінде әдіскер, инспектор қызметтерін атқарды.

   1992-1997 жылдары Аудан әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық тілдер басқармасының меңгерушісі қызметтерінде болды.

   1997 жылдан 2006-ға дейін Аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі, қазір аудандық білім бөлімінің білімді дамыту орталығының әдіскері.

  Т.Амандықұлы мектепте оқып жүрген кезіне әдебиетке, поэзияға құштар болды. Өзі де өлең жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері 7-сыныпта оқып жүргенде аудандық «Илиьч туы» газетінде жарық көреді. Олар туған жерге арналған «Нұра», «Қызыл шоқы» т.б. сияқты тырнақ алды туындылары еді.

   Одан кейін, студенттік кезеңінде, қызмет атқарып жүрген уақыттарда да өлең жазумен жүйелі айналысып келеді. Оның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде үнемі жарияланып отырады. Жезқазған облысы ақындарының «Сарыарқа саздары» (1990), Шет ауданы ақындарының антологиясы (1995) жинақтарына бірнеше өлеңдері енген. 2000 жылы ақынның 50 жасқа толуына орай «Сәулелі мезет» атты алғаш өлеңдер жыйнағы басылып шықты.

  

2015 жылы «Ел іші жұмақ мекенім» атты екінші кітабы баспадан шықты. Сол жылы Қарағанды облысы әкімшілігінің бастамасымен «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдық сериясының «Жетіген» аталатын жинағына топтама өлеңдері енгізілді.

Ол, сонымен қатар, өзінің қаламдастары, замандастары мен ел ағаларының өнегелі өмірі мен қызметі жайлы, қоғамдағы әлеуметтік және түйінді мәселелер жайлы өз ойларын білдіретін бірнеше публистикалық шығармалар мен мақалаларын аудандық, облыстық басылымдарда жүйелі жариялап келе жатқан қаламгер ретінде де танымал.

Сонымен бірге, Тезекбай Амандықұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолға алынып, қайта жаңғырған айтыс өнеріне де өз үлесін қосты. Ол 1983-1988 жылдар аралығында Жезқазған облысында өткізілген «Байқоңыр даусы», «Ұлытау үні» фестивалі аясындағы айтыстарға қатысқан алғаш дипломанттардың бірі болды.

Аудан көлеміндегі мәдени шаралардың өтуіне, талантты жас ақындарды іріктеп, олардың өнерлерінің ұшталуына ықпал етті. Қазіргі танымал ақындар Тілеген Садықов, Жәнібек Әлиман, Жанас Мұқашевтардың өнерін оқушы кезінде бағалап, олардың облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өнерлерін дамытуына игі ықпал етті. Олардың әрқайсысыТезекбай Амандықұлын рухани ұстазымыз деп бағалайды.

Ол қазір де қаламы қолынан түспеген, шығармашылықпен айналысу үстінде.

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-77 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-77 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

 Амандықұлы, Т. Баба рухымен сырласу [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 1999.-1 қаңтар(№1). 3 б.

Амандықұлы, Т. Тұлпар тағдырлы тұлға [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2000.-8 қараша(№41). 4 б.

Амандықұлы, Т. Бір өлең [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2000.- 16 желтоқсан (№46).-3 б.

Амандықұлы, Т. Жыр дәптерінен [Мәтін]: Т. Амандықұлы // Шет шұғыласы.-2017.- 12 қаңтар (№02).-12 б.

Амандықұлы, Т. Жұлдыз – ғұмыр зуылдап барады ағып... [Мәтін] / Т. Амандықұлы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 20 тамыз, 10 б.

Амандықұлы, Т. Өміржанға [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2006.- 14 желтоқсан (№51).-5 б.

Амандықұлы, Т. Алтын бесік – туған жер [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Ана тілі.- 2008.- 21 тамыз (№33-34).-15 б.

Амандықұлы, Т. Өлкем менің тектілердің тұрағы [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // 2010.- 2 қыркүйек (№36).-5 б.

  [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 11 қараша (№46).-5 б.

Сүйіндікұлы, З. Атағың жетер ғасырдан асып ғасырға [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 29 қараша (№48).-6 б.

Сүйіндікұлы, З. Ақжалым – әнім [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 26 шілде (№30).-4 б.

Шет шұғыласы. - 2020. - 28 тамыз (№35). - 4 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 3 қыркүйек (№95). - 7 б.

Шет шұғыласы, 2020 . - 5 наурыз (№10).- 8 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 3 қыркүйек (№95). - 7 б.

Орталық Қазақстан, 2022. - 5 сәуір (№36). - 3 б.

 

(Амандықұлы,Т «Сәулелі мезет»)

Амандықұлы, Т. Сәулелі мезет [Мәтін]: өлеңдер.Әдеби – көркем басылым.-Арко, ЖШС- де басылды. – 88 б.

 

Амандықұлы Тезекбай. Ел іші -жұмақ мекенім. Өлеңдер жинағы. - Қарағанды, Tengri LTD, 2014. - 110 б.

Өлеңдері:

Өлеңім

Мынау аптап жалғанға төзер ме едім?

Айтақырдан тамшы іздеп кезер ме едім...

Кенеземді кептірген өрт-ғұмырда

Өзің бастың ернімнің кезергенін.

 

Өз орньмды ала алмай түзу төрден

Оқшау қалғам думаншыл, қызулы елден.

Сақылдаған сары аяз ақпан шақта

Өзің - менің жаныма қызу берген.

 

Кездерім аз бөркімді аспанға атқан,

Ит тірліктің тізесі жастан батқан.

Достан таба көргенде, қастан - қысым

Өзің менің көңлімді аспандатқан.

 

Өмір - сапар тоқтаусыз сабылатын,

Бақ - тұрақсыз, құйқылжып, қағынатын.

Айналайын адал дос қай кезде де -  

Өзің, Өлең, жанымнан табылатын!

 

Қарғалар

немесе қыранды аңсау

 

Туғанда зілді арқалар шақ нақ,

Жаныңыз қалай барқадар таппақ.

Қырандар самғар көгіңде заңғар

Қарқылдап жүрсе қарғалар қаптап.

 

Сезімнің селін доғарып көптен,

Нөсердің тостым соғарын көктен.

Қарға қүзғынға бықпырт тигізер

Қырғи да көктен жоғалып кеткен.

 

Жанаса алар нарға нар ғана,

Көшіңді бастар жоқ дара дана...

Шалажансар марғау қоғамда мына

Сауысқандар мен қарғалар ғана.

 

Сейілмей мәңгі тұрар ма сағым,

Тұйғынға туар жыр арнар шағым!

...Өлексе түрткен қарғаға қарап,

Қанаты - қылыш қыранды аңсадым!